Құрылым

«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – РМК) қызметінің мәні Қазақстан Республикасының экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу болып табылады.

РМК қызметінің мақсаты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау, азаматтардың өміріне және денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға құқығын іске асыру үшін тиісті саланың уәкілетті органының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8-7172-24-82-81

Электрондық пошта:

iacoos.info@gmail.com

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ 2018 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылды.

Орталық 2018 жылдың 17 мамырында «Global Challenges Summit 2018» АЭФ барысында әлемдік қауымдастыққа ұсынылды.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ – жасыл технологиялар саласындағы іргелі бастамалардың бірі.

Қоғам миссиясы-экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін жасыл технологияларды ілгерілету және бизнесті қолдау.

Толығырақ

Телефон:

8-7172-79-77-95

Электрондық пошта:

pr@igtipc.org

«Жасыл даму» АҚ

«Жасыл даму» АҚ қызметінің мақсаты қоршаған ортаның сапасын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту. Қазақстан Республикасында төмен көміртекті дамуға көшуін қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау болып саналады.

Қоғам өнім (тауарлар) қалдықтарын кешенді басқарудың бірыңғай жүйесін құруға және осы қалдықтарды қайталама шикізат ретінде айналымға тартуға, бизнестің кеңінен қатысуымен қоқыс өңдеу саласының инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдесіп, «жасыл» технологияларды енгізуді жүзеге асырады.

Қызметтің негізгі бағыттары: біздің қолданысына кіретін тауарлардың (өнімдердің) қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды ұйымдастыру. Компания Қазақстанның барлық аймақтарында қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жүргізуде. 

 

Толығырақ

Телефон:

8-7172-62-06-68

Электрондық пошта:

kense@recycle.kz

"Қазгидромет" РМК

«Қазгидромет» РМК – Қазақстан Республикасы аумағында табиғаттың қауіпті және дүлей құбылыстары туралы дауылды ескертулермен кез келген ұйымдарға ресми ақпараттық қызмет көрсетуге құқығы бар жалғыз заңды жауапты орган.

Кәсіпорын қызметінің мәні – мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, мететорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты – сенімді гидрометеорологиялық ақпарат алу, гидрометеорологиялық және агрометеорологиялық болжамдар мен қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттың сапасын арттыру, мемлекеттік бақылау желісінде жүйелік бақылау жүргізу кезінде алынған деректерді жинау және қорыту болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8-7172-79-83-32

Электрондық пошта:

info@meteo.kz