Жітіқара ауданының пробация қызметінің есебіне алынған пробациялық бақылауды сақтамағаны үшін қоғамдық жұмыстар қамауға алумен ауыстырылды

Жітіқара ауданының пробация қызметінің есебіне алынған пробациялық бақылауды сақтамағаны үшін қоғамдық жұмыстар қамауға алумен ауыстырылды

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады. Алайда, қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда олар ауыстырылады:
Қылмыстық теріс қылығы үшін сотталғандарға-қоғамдық жұмыстардың 4 жұмыс істелмеген сағаты үшін бір тәулік қамау есебімен қамаққа алу;
Бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру қылмысы үшін сотталған адамдарға қоғамдық жұмыстардың 4 жұмыс істелмеген сағаты үшін бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен беріледі.
Б. сотталғанға қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 40 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды. Жітіқара ауданының пробация қызметі Б. сотталғанмен қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары туралы бірнеше рет профилактикалық әңгімелер өткізді, барлық талаптар орындалмаған жағдайда құқықтарын, міндеттері мен салдарын түсіндірді.
Алайда сотталған адам сот тағайындаған жазаны өтеу тәртібін бұзған, жазаны орындауға кіріспеген.