РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Республика күніне орай Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында «Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті: тарих беттері» атты кітаптың салтанатты тұсаукесері өтіп, қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілді.
Кітапта өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу және даму тарихы, мекемелердің өткені мен бүгіні, сондай-ақ сала қызметкерлері мен ардагерлерінің қосқан үлесі көрініс тапқан. Басылымның басты мақсаты – қызмет тарихын сақтау, тарихи мұраны дәріптеу және оны кейінгі ұрпаққа жеткізу.