Персоналды басқару департаменті
№1 Міндет: Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
Функциялары:
1) Министрліктің персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) Министрліктің кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
3) Министрліктің кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
4) Министрліктің кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.
№2 Міндет: персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде Министрлікте мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Министрлікте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
2) Министрлік кадрларының кәсіби дамыу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;
3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.
№3 Міндет: Министрлікте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.
Функциялары:
1) Министрлікте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;
3) Министрліктің ведомстволық наградалары жөніндегі комиссия қызметін ұйымдастыру;
4) Министрліктің, ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін ведомстволық наградамен марапаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
5) мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін үміткерлерді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыну бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
6) Министрлік қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына қызметтік куәліктер беру тәртібін ұйымдастыру.
№4 Міндет: Министрлікпен еңбек қатынасында тұратын ведомстволық бағынысты ұйымдардың еңбек ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру.
Функциялары:
1) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларын лауазымға тағайындау және босату процедураларын ұйымдастыру;
2) Министрлікпен тағайындалатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері бойынша кадрлық іс-жүргізуді ұйымдастыру;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының басшыларын тағайындауға үміткерлерді келісуді ұйымдастыру.