Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруУчаскелік терапевт-дәрігердің қызметтері, сондай-ақ жүктілікті анықтау және есепке қою үшін зертханалық зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді және МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесіне қарамастан ұсынылады.
Бұл көлемге сонымен қатар учаскелік терапевт немесе емхананың жалпы практика дәрігерінің медициналық қызмет көрсетуі кіреді, атап айтқанда:
- жүкті әйелдерді антенаталдық (босанғанға дейінгі) бақылау, босанғаннан кейінгі кеш кезеңде босанған әйелдерді бақылау, экстрагениталдық патологиясы бар фертильді жастағы әйелдерді динамикалық бақылау;
- жүкті әйелдерді босануға, оның ішінде әріптестік босануға дайындау бойынша босанғанға дейінгі оқытуды жүргізу, жүкті әйелдерді қауіп-қатер белгілері туралы, тиімді перинаталдық технологиялар, қауіпсіз ана болу, емшекпен емізу қағидаттары туралы хабардар ету.
Жоғарыда аталғандар негізінде, алғашқы бақылау және зертханалық зерттеулер Сізге ақысыз көрсетілуі керек.
Жүктіліктің асқынған ағымында учаскелік маман МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болған жағдайда бейінді мамандарға, оның ішінде гинекологқа кеңес алуға жібереді. Осыған ұқсас, ауыр өлімге әкелетін, емделмейтін және генетикалық бұзылыстары бар балалардың туылуын болдырмау үшін хромосомалық патологияны ерте анықтауға және диагностикалауға арналған пренатальды скрининг, ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі де сақтандырылған мәртебе болған жағдайда беріледі.
Қазақстан Республикасында медициналық сақтандыру міндетті болып табылады, осыған байланысты жұмыс беруші Сіз үшін төленбеген кезеңге жарналар және (немесе) аударымдарды төлеуі қажет.
Егер Сіз жұмыс істемейтін болсаңыз, онда жүктілік бойынша есепке қойылғаннан кейін Сіз үшін МӘМС-ға жарналарды төлеуді мемлекет жүргізеді.