Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Департамент:
1) ақпараттандыру саясаты басқармасынан;

2) ақпараттық технологиялар басқармасынан;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасынан;

4) Деректерді талдау және өіңдеу басқармасынан тұрады.

4. Департаменттің негізгі міндеттері

1) Министрлікте Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруды ұйымдастыру және басқару.

2) телемедицинаның жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету:

3) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саясатын айқындау жатады.