ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті
Дәрі-дәрмек саясаты департаменті туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- Дәрі-дәрмек саясаты департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі, штат санын Министрліктің аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
- Департамент:
1) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасынан;
2) медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету басқармасынан тұрады.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
- Мақсаты: Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету саласындағы саясатты қалыптастыру.
Функциялары:
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) шеңберіңде халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен, қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
- ТМККК және МӘМС шеңберіңде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
- ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жан-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен және бейімделген емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін әзірлеуге қатысу;
- құзырет шегінде Министрліктің формулярлық комиссиясының қызметін үйлестіру;
- Министрліктің формулярлық комиссия құрамы мен ережесін әзірлеу;
- Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу тәртібі мен тізбесін әзірлеу;
- «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК дәрілік заттарды тиімді қолдану орталығын үйлестіру;
- Біріңғай дистрибьюторларды, соның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді үйлестіру;
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік заттар бойынша анықтамаларды әзірлеу(қайта қарау), оның ішінде бағалар мониторингі бойынша мәселелерді курациялау;
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде, оның ішінде есірткі құралдары, психотроптық заттар және презкурсорлар айналымы, этил спиртінің айналымы саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалану мониторингін жүзеге асыру;
- «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетуді үйлестіру.
- 6. Мақсаты: сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету саясатын қалыптастыру және іске асыру.
Функциялары:
- сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- Қазақстан Республикасында сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бөлігінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеуге;
- денсаулық сақтау ұйымдарында сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тиімді пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру;
- Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін әзірлеу;
- сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуға бюджет қаражатының қажеттілігін қалыптастыру және жоспарлау, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларын келісу;
- материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған қаржыландыру жоспарын қалыптастыру;
- жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқалар өткізуді ұйымдастыру және қатысу;
- құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
- Құқықтары:
1) Дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстарға бастамашылық ету;
2) Ведомстволардан, аймақтық ведомство бөлімшелерінен, Министрліктің, ведомствоға бағынысты ұйымдарынан Департамент қызметіне жататын мәселелер бойынша өз міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттарды, анықтамаларды және басқа да құжаттарды сұратуға және алуға;
3) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес және Департаментте өткізілетін іс-шараларды әзірлеу және оның ойдағыдай өтуін қамтамасыз ету үшін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды әзірлеу үшін құрылымдық бөлімшелер басшылығының, ведомстволардың, ведомстволардың аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылығының келісімімен қызметкерлерді жұмысқа тарту;
4) өз құзыреті шегінде Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамаларды нормативтік құқықтық актілерді және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
5) өз құзыреті шегінде басқа да Департаментке жүктелген қызметті Министрліктің және Департаменттің ережесіне сәйкес атқарылуы;
6) өз құзыреті шегінде Департаменттің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
- Міндеттері:
- Министрліктің Регламентін, Министрліктің ережелерін сақтау;
- өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу;
- Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының, Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау;
- Еңбек тәртібін сақтау;
- Департаментке түскен Мемлекеттік басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын, Департаменті құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті жылдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңжобалары жұмыстарын және сапалы орындау.
- Департамент қызметін ұйымдастыру
- Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.
- Департамент директорының екі орынбасарлары бар.
- Директор Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Директор Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
__________________________