Ақпараттық қауіпсіздік, жұмылдыру жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік жұмылдыру жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай саясаты және ақпараттық қауіпсіздік, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
Департамент өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережені, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық) және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін басқа да құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Департаменттің құрылымын, штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
Департамент:
- Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы;
- Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы;
- Жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс басқармасынан тұрады.