ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) медициналық мекемелерінің өкілдерімен 25.07.2025ж. семинар-кеңес онлайн форматта өткізді. Семинар-кеңес барысында фармацевтикалық пен медициналық қызметпен айналысуға және денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, ережелері мен мерзімдері бойынша, онын ішінде лицензиялар мен лицензияларға қосымшаларын электрондық нысанға ауыстыруы мәселелері бойынша, медициналық мекемелерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.