Қазіргі уақытта дәрілік заттардың 4994 сауда атауына шекті бағалар бекітілген. Бұл ретте 1707 рецептсіз босатылатын препарат мемлекеттік реттеуден шығарылып, нарықтық қағидаттар негізінде сатылуда. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстағы дәріхана ұйымдарындағы дәрілік заттардың бағаларына талдау жүргізді.