Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасының аумағында өнімді мемлекеттік тіркеуге қатысты түсіндіруді алу үшін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне «e-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы сұрау салумен жүгіну қажет, сондай-ақ өнімнің атауын, қолдану саласын, өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодын көрсету қажет.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Сіз объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтірудің (немесе қауіп төндірудің) нақты фактілері (фото, видео және т.б.) қоса берілген жазбаша және/немесе электрондық өтінішпен жүгіне аласыз.).
Алматы қаласының азаматтары 2005 жылғы 23 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 58-ші сессиясында қабылданған Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерде көрсетілген карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың жоқтығы туралы анықтаманы (шешек, жабайы поливирустан туындаған полиомиелит, адам тұмауы, тырысқақ, обаның өкпе түрі, сары безгегі, геморрагиялық қызба – қызба-Ласса, Марбург, Эбола, Батыс Ніл безгегі, Денге, Рифт аңғары безгегі, менингококк инфекциясы) елшілікке ұсыну үшін Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жазбаша өтінішпен немесе «е-Otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде жүгіну қажет.
https://eotinish.gov.kz/ сілтемесіне немесе «eGov» mobile мобильді қосымшасында «е-Оtinish» қосымшасына өту, авторизациядан өту, таңдау > өтініш беру > өтініш түрі > ЖТ/ЗТ-ны қабылдауға өтініш >, ұсынылатын тізімнен қажетті мемлекеттік органды таңдау, өтініш мәнін сипаттау, қажетіне қарай файлдар тіркеу (аудио және видео файлдар, сондай-ақ жиынтық көлемі 80 мб-дан асатын файлдар жүктелмейді), нақты тұрғылықты мекенжайды көрсету, ЭЦҚ немесе Digital ID көмегімен қол қою және жіберу.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін https://elicense.kz/ сілтемесі немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы кіріңіз, авторизациядан өту, «Денсаулық сақтау» → таңдау «онлайн сұрау» → аумақты таңдау лицензиарды таңдау (мем орган), тиісті қызмет түрін алу үшін қажетті мәліметтерді толтыру, алатын қызмет түріне сәйкес құжаттардың электронды нұсқасын тіркеу, өтінішке қол қою керек.