Жиі қойылатын сұрақтар
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін https://elicense.kz/ сілтемесі немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы кіріңіз, авторизациядан өту, «Денсаулық сақтау» → таңдау «онлайн сұрау» → аумақты таңдау лицензиарды таңдау (мем орган), тиісті қызмет түрін алу үшін қажетті мәліметтерді толтыру, алатын қызмет түріне сәйкес құжаттардың электронды нұсқасын тіркеу, өтінішке қол қою керек.
https://eotinish.gov.kz/ сілтемесіне немесе «eGov» mobile мобильді қосымшасында «е-Оtinish» қосымшасына өту, авторизациядан өту, таңдау > өтініш беру > өтініш түрі > ЖТ/ЗТ-ны қабылдауға өтініш >, ұсынылатын тізімнен қажетті мемлекеттік органды таңдау, өтініш мәнін сипаттау, қажетіне қарай файлдар тіркеу (аудио және видео файлдар, сондай-ақ жиынтық көлемі 80 мб-дан асатын файлдар жүктелмейді), нақты тұрғылықты мекенжайды көрсету, ЭЦҚ немесе Digital ID көмегімен қол қою және жіберу.
Алматы қаласының азаматтары 2005 жылғы 23 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 58-ші сессиясында қабылданған Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерде көрсетілген карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың жоқтығы туралы анықтаманы (шешек, жабайы поливирустан туындаған полиомиелит, адам тұмауы, тырысқақ, обаның өкпе түрі, сары безгегі, геморрагиялық қызба – қызба-Ласса, Марбург, Эбола, Батыс Ніл безгегі, Денге, Рифт аңғары безгегі, менингококк инфекциясы) елшілікке ұсыну үшін Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жазбаша өтінішпен немесе «е-Otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Сіз объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтірудің (немесе қауіп төндірудің) нақты фактілері (фото, видео және т.б.) қоса берілген жазбаша және/немесе электрондық өтінішпен жүгіне аласыз.).
Қазақстан Республикасының аумағында өнімді мемлекеттік тіркеуге қатысты түсіндіруді алу үшін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне «e-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы сұрау салумен жүгіну қажет, сондай-ақ өнімнің атауын, қолдану саласын, өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодын көрсету қажет.