GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Онлайн-қабылдау
Все материалы
15 августа 2023
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Шымкент қаласының өзара тауарлар саудасы туралы

Алдын ала деректер бойынша, 2023 жылғы қаңтар-маусымда Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 300,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 92,1%, оның ішінде экспорт – 59,2 млн. АҚШ долларын (92,9%) немесе өзара сауда көлемінің 19,7%, импорт – 241,3 млн. АҚШ долларын (91,9%) немесе өзара сауда көлемінің 80,3% құрады.

Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 257,1 млн. АҚШ доллар (өзара сауда көлемінің 85,6%) сомасында қалыптасты, Қырғызстан Республикасымен – 25,8 млн. АҚШ доллар (8,6%), Беларусь Республикасымен – 17,4 млн. АҚШ доллар (5,8%), Армения Республикасымен – 0,2 млн. АҚШ доллар (0,1%) құрады.

ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 63,2% – Ресей Федерациясына, 34,1% – Қырғызстан Республикасына, 2,7%  – Беларусь Республикасына тиесілі.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

14 августа 2023
Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

2023 жылғы 1 шілдеде қаладағы халық саны 1205,9 мың адамды құрады.

Халықтың табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар-маусымда 12345 адамды құрады (2022 жылғы сәйкес кезеңде 12147 адам). 2023 жылғы қаңтар-маусымда жаңадан туылған нәрестелер 2022 жылғы қаңтар-маусымнан 0,3% артып, ал өлгендер 6,2% кем тіркелді.

Оң көші-қон айырмасы қалыптасты және 1345 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-маусымда – 2096 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда –  296 (213), ішкі көші-қонда – 1049 (1883).

Тұрмыс деңгейі

2023 жылғы I тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 102106 теңгені құрады. Атаулы ақшалай табыстар 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 14,9% өсіп, нақты ақшалай табыстар 3,6% кеміді.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

2023 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 21845 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 4,9% құрады.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2023 жылғы шілденің соңына 12098 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,7% болып қалыптасты.

2023 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге (кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың жұмыскерлерін қоспағанда) есептелген орташа атаулы жалақы 290858 теңгені құрады. Өсім 2022 жылғы II тоқсанға 17% құрады. Нақты жалақы индексі 2023 жылғы II тоқсанда 101,6% болып қалыптасты.

Баға

2023 жылғы шілдеде тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,7% құрады. Баға азық-түлік тауарларына 3,5%, азық-түлік емес тауарларға – 5,7%, ақылы қызметтерге 8,8% өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2023 жылғы шілдеде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4% өсті.

Кәсіпорын статистикасы

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2023 жылғы 1 тамызға 28004 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 27566 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 22782 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 22353 бірлікті құрады.

Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 25654 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,5% артты.

Сауда

«Сауда» саласы бойынша 2023 жылғы қаңтар-шілдеде нақты көлем индексі 107,4% құрады. 

Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 432567,8 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 123,1% құрады.

Көтерме сауда көлемі 687901,1 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 99,8% құрады.

2023 жылғы қаңтар-маусымда алдын ала деректер бойынша ЕАЭО елдерімен өзара сауда 300,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9% кеміді, оның ішінде экспорт – 59,2 млн. АҚШ доллары (7,1% кем), импорт – 241,3 млн. АҚШ доллары (8,1% кем).

Экономиканың нақты секторы

2023 жылғы қаңтар-наурызға жалпы өңірлік өнім көлемі 700152,1 млн.теңгені құрады, 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,5% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 28,3%, қызмет көрсету – 63,1% құрады.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағалармен 574106,9 млн. теңгені құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3% артты.

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде өндіріс көлемі - 35,3% өсті. Ал өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндіріс индексі 0,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 0,2%, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында 1,4% кеміді.

Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтер) көлемі 26110,7 млн. теңгені құрады немесе 2022 жылғы сәйкес кезеңдегіден 2,7% артты.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 86465,5 млн.теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтар-шілдеге 108,6% құрады.

Көліктердің жүк айналымының көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 6208,8 млн. тонна-шақырымды (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 139,9% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 2895,1 млн. жолаушы-шақырымды құрап, 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 101,9% құрады.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 282803,6 млн. теңгені, немесе 2022 жылғы сәйкес кезеңге 123,9% құрады.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

14 августа 2023
Шымкент қаласындағы тауарларды өткізу көлемі

2023 жылғы қаңтар-шілдеде Шымкент қаласы бойынша бөлшек сауда көлемі 432567,8 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 123,1% құрады.

Cауда кәсіпорындарымен тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 384870,4 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 130,5% құрады. Жеке кәсіпкерлермен, соның ішінде базарда сататындармен өткізілген сауда көлемі 47697,4 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 84,7% құрады.3. 3.

Аудандар кесіндісінде қаланың бөлшек сауда көлемін жасақтауда Абай  (жалпы көлемнің 38,7%) және Әл-Фараби (24,6%) аудандары елеулі үлеске ие.

2023  жылғы қаңтар-шілдеде қала бойынша көтерме сауданың көлемі 687901,1 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 99,8% құрады.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

11 августа 2023
Еңбек нарығындағы жағдай

            Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2023 жылдың II тоқсанында қаланың экономикасының түрлі салаларында 428,3 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 294,9 мың адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 68,8%) жалдамалы жұмыспен, 133,5 мың адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 31,2%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды. Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік  деңгейі  58,8% құрады. Жұмыс күш құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 15 және одан жоғары жастағы халықтың 41,2%-ын құрады.

         2023 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге дайын болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 21,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%  құрады.

Әдіснамалық түсіндірмелер

Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

08 августа 2023
Шымкент қаласындағы инфляция

                2023 жылғы шілдеде 2023 жылдың маусыммен салыстырғанда инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 100,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,1% төмендеді, азық-түлік емес тауарларының бағасы  0,4%,  халыққа ақылы қызмет көрсету – 3,5% көтерілді. 

                 Азық-түлік тауарлары нарығында бағаның өсуі ұнтақ жармасына -  7,4%, сөкке -  3,1%, арпа жармасына -  1,6%, ірімшікке -  1,4% байқалды, ал қарақұмық жармасы - 5,1%, маргарин және басқа майлар -  4,3%, йогурт -  3,8%, бал -  2,3%, майонез - 1% төмендеді. Жеміс-көкөніс өнімдерінің ішінде қияр - 40,3%, тәтті бұрыш - 38%, қызанақ - 31,1%, алма - 18,9%, банан - 14,6%, қызылша - 3,4% арзандады, ал түрлі-түсті орамжапырақ - 2 есеге, апельсин - 35,5%, сарымсақ - 13,6%, ақ қауанды қырыққабат -  13,4%, лимон -  3,4%, картоп -  1,2% қымбаттады.

                 Азық-түлік емес тауарлардың ішінде бағаның өсуі аудиовизуалды және фотографиялық жабдықтарға, ақпаратты өңдеу жабдықтарға - 8,6%, темекіге - 5,5%, бензин АИ-98 - 4,3%, бензин АИ-95,96 - 4,1%,  сұйытылған газға - 3,3%, кір жуғыш ұнтаққа - 1,2%, тұрмыстық құрылғыларға, шыны бұйымдарға, ас ішетін құрылғылар және үй заттарына - 1,1% қымбаттады, ал дизель отыны - 0,7% арзандады. Фармацевтикалық өнімдердің арасында  белсендірілген көмір - 4,5%, детримакс витамин Д3 - 4%, ингавирин - 2,5%, ренни - 1,9%, аспирин - 1,7%, фенистил нью тамшылар -  1,6%, йодамарин -  1,4% қымбаттады, ал  ацикловир - 4,7%, нурофен - 2,9%, азитромицин - 1,7%, омез -  1,2% арзандады.

                 Ақылы қызмет көрсету саласында баға су бұру тарифтері - 30,9%, электр энергиясы - 13,1%, желілік газ -  9,6% көтерілді. Қалааралық автобус - 17,5%, әуе көлігі - 16,4%, такси - 11,3%, балалар аттракционы - 9,7%, шаштараз және сұлулық салондары - 5,5%, стоматологиялық қызметтер - 4,3%, ұялы байланыс - 2,8% қымбаттады, ал теміржол көлігі 4% арзандады.

Әдіснамалық түсініктемелер

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді. Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді. Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

07 августа 2023
Шымкент қаласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы*

                 2023 жылғы II тоқсанда қала бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде) 290858 теңгені құрап, өткен жылғы тиісті тоқсанға 117%, нақты көріністе 101,6% құрады.

                  Еңбекақының ең жоғарғы денгейі көлік және қоймалау – 491778 теңге, қаржы және сақтандыру қызметі – 436987 теңге болып белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы – 168759 теңге, өзге де қызметтер түрлерін ұсыну саласында – 135572 теңге болып қалыптасты.

Әдіснамалық түсініктемелер

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жалақының есептелген қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына  және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен анықталады.

Халықаралық  стандарттарға  сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

28 июля 2023
2022 жылғы Шымкент қаласындағы инвестициялық қызмет

2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 549617,8 млн. теңгені немесе 2021 жылға қарағанда 113,8% құрады. 

Инвестиция салымдарының басым бөлігі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, өнеркәсіп салаларына тиесілі, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 42,8 % және 22,6% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 469221,7 млн. теңгені құрады немесе 2021 жылға қарағанда 123,5%.

Әдіснамалық түсініктемелер

Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

26 июля 2023
Шымкент қаласының көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері

Шымкент қаласы бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусымда (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жұмыс көлемін бағалауды есепке алғанда) 10562,3 мың тонна жүк және 49,7 млн. жолаушы тасылып, 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне, тиісінше 122,2% және 114% құрады.

Осы уақыт аралығында жүк айналымы 5363,4 млн. ткм және жолаушы айналымы 2412,1 млн. жкм құрап, 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне, тиісінше, 144,6% және 100% құрады.

Әдіснамалық түсініктемелер

Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштеріне (жүк тасымалдау, жүк айналымы, жолаушы тасымалдау, жолаушы айналымы) автомобильдік коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер жұмысы көлемінің бағалауы кіреді.

Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған жүктердің саны тоннамен.

Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі тонна-километрмен көрсетіледі. Әрбір партияның (жөнелтімнің) туынды салмағының тасылған жүктің тасу ара қашықтығына жиынтығы ретінде анықталады.

Тасымалданған жолаушылар – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Жолаушыларды тасымалдау статистикасының өлшем бірлігі жолаушы-жүруі болып саналады.

Көліктің жолаушылар айналымы – көліктің жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі ретінде жолаушы-километр, яғни жолаушының 1 км қашықтықта орын ауыстыруы болып саналады. Тасымалдаудың әрбір тасымалдаудың жолаушылар санын километрдегі тасымалдау қашықтығына көбейтуді жиынтықтау арқылы анықталады.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

26 июля 2023
Шымкент қаласының өнеркәсіп өнімінің көлемі туралы

2023 жылғы қаңтар-маусымда Шымкент қаласы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылықтары секторын қоса алғанда) қолданыстағы бағамен 498299,3млн. теңгенің, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 696млн. теңге, өңдеу  өнеркәсібінде – 433636,2 млн. теңге, электрмен  жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 45084,5млн. теңге, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың  жиналуын және таратылуын бақылауда – 18882,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ) 2022 жылғы тиісті кезеңге101,1% құрады.

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда - 3,2% артып, 76584,1 млн теңгені құрады(өнеркәсіптегі саланың үлесі – 15,3%), бұл ұнның - 7,3%, және жаңа піскен нанның - 5,1% артуынан орын алды.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру өнеркәсібінде 109057,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,7% кеміді (өнеркәсіптегі саланың үлесі – 21,8% ). Бұл мотор отынның – 5,3%, керосин түріндегі реактивті отынның - 16,9%, газойлдың - 8,5% кем өндірілуі есебінен болды.

Өзге де металл емес минералды бұйымдардыөндіру көлемі 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда - 5,7% кеміді, және 49820,3 млн теңгені құрады (өнеркәсіптегі саланың үлесі – 9,9%), бұл бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдардың - 6% кемуінен орын алды.

Сондай-ақ, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарөндіру саласында 25863,3млн. теңгенің өнімі өндіріліп(өнеркәсіптегі саланың үлесі –5,2%), ӨӨИ83,1%.құрады. Бұл өз кезегінде дәрі-дәрмек өндірісінің 17,8% кемуінен орын алды.

Әдіснамалық түсініктемелер

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.Жедел деректерін нақтылау жылдық статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша жүргізіледі.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

26 июля 2023
Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі

2023 жылғы қаңтар-наурызға Шымкент қаласы халқының жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 585,8 мың теңгені құрады.

Республика өңірлерін орналастыру тәртібінде ЖӨӨ бойынша Шымкент қаласы 13-ші орынды және халықтың жан басына шаққандағы есебінде – 17 орынды иемденді.

2023 жылғы қаңтар-наурызға жалпы өңірлік өнімнің көлемі 700152,1 млн. теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,5% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 23,8%, қызмет көрсету – 61,1% құрады. 

Әдіснамалық түсініктеме

Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір аймақтың түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

                  

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы