Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы және проблемалық мәселелер жөнінде облыс әкіміне баяндама жасалды

Құрметті Берік Әбдіғалиұлы!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ұлытау облысы бойынша білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы туралы төмендегі ақпаратты баяндайды.
Мектепке дейінгі білім беру саласы
Ұлытау облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 50 балабақша, 49 шағын орталықтармен 2-6 жас аралығында 73 % (ҚР-92,5%), 3-6 жас аралығында 83% (ҚР-100 %) қамтылып отыр.
«Аймақтық жол картасы» бойынша мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту биылғы жылы 1080 орынды құрауы тиіс.
2024 жылдың сәуір айында Қаражал қаласы білім бөлімінің Жәйрем кентінде 115 орындық «Ажар» бөбекжайы ашылып, мемлекеттік тапсырыс орналыстырылған және бүгінгі күні 5 жасар балаларға 50 орындық мектепалды даярлық топтары ашылуы жоспарлануда.
2024 жылдың қазан айында Сәтбаев қаласында 320 орындық «Алан», желтоқсан айында Жезқазған қаласында 320 орындық «Самұрық» бөбекжайлар ашылуы жоспарлануда.
Алайда, қазіргі таңда облыс бойынша мектепке дейінгі мекемелерде 116 педагогтардың жетіспеушілігі бар: Жезқазған қаласында-65, Сәтбаев қаласында-20, Қаражал қаласында-11, Жаңаарқа ауданында-4, Ұлытау ауданында-16. Сонымен қатар, жаңа ашылатын екі бөбекжайларға 88 педагог тапшылығы бар.
Жұмыс атқарып жатқан мектепке дейінгі білім ұйымдарында қосымша топтар ашу, нығыздау арқылы, жеке меншік бөбекжайлар ашу барысында-130 орын ашылу жоспарлануда:
-Жезқазған қаласында «Балдарған бөбекжайында»-20;
-Сәтбаев қаласында «Ақбота бөбекжайында»-50;
- Жезқазған қаласында Құрманғазы көшесінде жеке меншік бөбекжай-50;
Жаңаарқа ауданындағы «Балауса» жеке меншік бөбекжайында -10.
2024 жылдың соңына дейін 145 орын ашылмау қаупі бар.
Сонымен қатар, Ұлытау облысы бойынша мектепке дейінгі білім ұйымдарында 10 директор (меңгеруші) жетіспеушілігі бар:
- Сәтбаев қаласында-6 («Қарлығаш», «Қызыл Телпек», «Балдаурен», «Күншуақ», «Ертегі»);
-Қаражал қаласында-1(«Балбобек»);
- Жаңаарқа ауданында-1(«Еркетай»);
- Ұлытау ауданында-2(«Айгөлек», «Балдаурен»).
Ұлытау облысындағы мектепке дейінгі білім ұйымдарында 1004 педагог еңбек атқарса, оның қатарында санаты жоқ педагогтар саны-526 (52,4 %). Педагогтердің кәсіби біліктілік үлесі -13,6 % құрайды («педагог-зерттеуші»-9, «педагог-сарапшы»-27, «педагог-модератор»-225, жоғары санат-31, бірінші санат-70, екінші санат-116).
Орта білім беру саласы
Ұлытау облысында 87 мектеп бар: мемлекеттік-86, жеке меншік-1.
Мектептерде 3791 педагогтың кәсіби біліктілік үлесі 37,3 % құрайды (педагог-шебер-6, педагог-зерттеуші-430, жоғары санат-23, педагог-сарапшы-914, бірінші санат-41, педагог-модератор-1045, екінші санат-51, педагог-756, санаты жоқ -474 (мемлекеттік аттестаттау барысында анықталғаны Жаңаарқа ауданының №140 бастауыш мектебі- 0%, Ұлытау ауданының Шеңбер ауылының №2 мектебінде- 6,25%).
Ұлытау облысы бойынша өзекті мәселе 267 педагогтердің жетіспеушілігі бар (қазақ тілді білі беру-196, орыс тілінде білім беру-71).
Сонымен қатар, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі бойынша Ұлытау облысы ең төмен білім нәтижесін көрсеткені - өзекті мәселелердің бірі.
2023 жылы:4 сыныптар-12,94 орташа балл (ҚР-16,87),9 сыныптар-29,42орташа балл (ҚР-36,8);
2024 жылы: 4 сыныптар-24,1 (ҚР-28,9), 9 сыныптар-33,2 (ҚР-38,4);
2024 жылы 49,6 % білім алушылары -«2»-ге бағаланған.
Осыған орай, білім ұйымдарына кәсіби әдістемелік көмек қажет екені анық, алайда, Ұлытау облысының оқу-әдістемелік орталығында штаттық кесте бойынша 37 әдіскер болса-24 орын вакансияда, біліктілік арттыру «Өрлеу» филиалында штаттық кесте бойынша 8 педагог болса-5-вакансияда (сонымен қатар, білім бөлімдерінде де мамандардың жетіспеушілігі бар).
Бүгінгі күні 11 мектепте спортзалдар жоқ (Жезқазған-1, Сәтбаев-1, Қаражал-1, Жаңаарқа-8).
6 мектепте асхана жоқ (Жезқазған-1, Қаражал-1, Ұлытау-2, Жаңаарқа-2).
Ұлытау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерімен 2023 жылы жаңғырту (модернизация) тізіміне енгізілген мектептерге бару арқылы мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 42 мектептің 42-сі қамтылды (100%).
Жаңғырту барысында 7 бағыттағы шаралар (күрделі жөндеу жұмысы, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарымен қамту, кітапхананы және асхананы жаңғырту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, мектепті безендіру) қарастырылса, мониторингпен қамтылған бірде-бір мектеп бұл жеті бағытпен толықтай қамтамасыз етілмегені анықталды.
Жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз ету өзекті мәселе:
2024 жылы 26 кабинеттің орнына-5 кабинетке қаржы бөлініп, бүгінгі күні 3-і алынған.
Директорлар корпусы бойынша 9 мектепте директорлар тағайындалмаған (Жезқазған-2, Сәтбаев-1, Қаражал-1, Ұлытау-2, Жаңаарка-3).
Мысалы: 2023 жылдың 28 тамызынан бастап Жаңаарқа ауданының Бименді Амалбеков атындағы тірек мектебінде Ұлытау облысының білім басқармасы директор бос лауазымына конкурс жарияламағаны анықталды.
Келесі мәселе, мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы-4139 балаға (Жезқазған қаласы-1751, Сәтбаев қаласы-1625, Жаңаарка ауданы-763).
Сонымен қатар, Ұлытау ауданының 10 мектебінде (№5,12 негізгі мектептерде, №2,3,4,8,9,14,17,18 жалпы білім беретін мектептерде), Жаңаарқа ауданының 5 мектебінде (№135,140, Айнабұлақ, Көктал, Кенжебай-Самай негізгі мектептерінде), Қаражал қаласының (№6 жалпы білім беретін мектебінде) білім беру ұйымдарының желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бұзу мәселелері кездесуде.
«Жайлы мектеп» мәселесі:
-2024 жылдың 1 тамызда мектептің құрылысы 65 % дайындығы туралы хабарласа, құрылысшылар жаңа жоспар алып, күрделі өзгертулер болатынын мәлімдеді (мектептің қазанға дейін дайын болуының қауіпі туындайды).
Мектепке 30 педагог қажеттілігі бар, алайда, Қабанбай мөлтек ауданында небәрі 5 педагог бар, қалған 25 педагогті кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес қамтамасыз ету –өзекті мәселе болып табылады.
Заманауи талаптарына сәйкес барлық білім ұйымдарында интернет желісінің жылдамдығы 100 Мбит болуы қажет етеді (бүгінгі күні-облыс бойынша білім ұйымдарында 33 Мбит).
Техникалық және кәсіптік білім беру саласы
Ұлытау облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдыры (әрі қарай-ТжКБ) -15: мемлекеттік -11, жеке меншік-4.
Шешімін табу қажет ететін өзекті мәселелер:
-3 ТжКБ-нің спорт залдары жоқ (Жезқазған гуманитарлық колледжі, Жезқазған музыкалық колледжі, Қаражалдың Тау-кен колледжі);
-3 ТжКБ-нің материалдық техникалық базалары талапқа сәйкес келмейді (Жезқазған музыкалық колледжі, Жезқазған технология сервис колледжі, Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі);
-«Корпорация Казахмыс»акционерлік қоғамының жұмыс беруші грантының жылдан жылға азаюы (2022 жылы-150, 2023 жылы-100, 2024 жылы-50 орын).
Сапалы білім мен жайлы білім беру ұйымдарына қол жеткізіп, білім көрсеткіштеріндегі олқылықтарды жою бойынша тиісті және нақты шараларды қарастыру керектігін айта отырып, Департамент өзіңіздің бақылауыңызға алуды сұрайды.
Басшы Г.Н. Жакупбекова