ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 25 маусымда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа кеңес мүшелері, Ұлытау облысы білім басқармасының өкілдері, Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы, білім беру ұйымдарының басшылары және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде:
✅ білім беру ұйымдарынан келіп түсетін өтініштер бойынша мониторинг жүргізу және талдау;
✅ педагогикалық әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар;
✅ білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің 2025–2026 оқу жылындағы қызмет қорытындылары;
✅ әлеуметтік желілерде педагогтердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.
Кеңес барысында педагогтердің кәсіби әдебін сақтау, олардың құқықтарын қорғау, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Кеңес төрағасы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы аясында «Әлеуметтік желілерде педагогтердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада педагогтердің әлеуметтік желілердегі мінез-құлқының кәсіби әдеп қағидаларына сәйкестігі, ақпараттық мәдениетті сақтау, қоғаммен дұрыс коммуникация орнату, білім алушылардың, ата-аналардың және әріптестердің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу мәселелері қозғалды. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі әрбір жарияланым мен пікірдің педагогтің кәсіби беделі мен ұстаз мамандығының қоғамдағы мәртебесіне ықпал ететіні атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау мәдениетін нығайтуға бағытталған тиісті ұсынымдар қабылданды.