Ұлытау облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектеп және колледж директорлары мен тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарларына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409, 127 және 127-1-баптарының талаптары қарастырылды. Атап айтқанда, білім беру саласындағы заңнама талаптарын сақтау, ата-аналардың міндеттері, педагогтердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы хабарлау міндеттері және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.
Кездесу барысында қатысушыларға әкімшілік іс қозғау тәртібі, қажетті дәлелдемелерді жинау, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.