Үлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің алқа кеңесі өтті

Пресс-релиз
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына кешенді мониторинг жүргізілді. Осы мониторинг барысында анықталған кейбір мәселелерге тоқталып кетсем.
Жалпы облысымызда 88 мектеп бар, оның екеуінде күрделі жөңдеу аяқталу үстінде. (Жезқазған қаласының Қ.И. Сатпаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Қаражал қаласының №6 жалпы білім беретін орта мектептебі).
Ұлытау облысы бойынша 49 балабақша (42 мемлекеттік, 7 жекесменшік), 87 мектеп (оның ішінде 1 кешкі мектеп, 2 дарынды мектеп), 15 колледж бар.
Қазіргі таңда облыс бойынша 2-6 жасар балаларды қамтукөрсеткіші – 74,1 %. 3 749 бала кезекте тұр(Жезқазған қ. - 1529, Сәтбаев қ. – 1470, Қаражал қ. – 473, Жаңаарқа а. – 203, Ұлытау а. -74). 2022 жылдың осы мерзімінде2 999бала кезекте тұрған болса, биылғы көрсеткіш 750 балаға көбейді.
Мектептердегі оқушы саны –40663(18 тамыздағы есеппен). Олардың 78,3%-ықазақ тілінде білім алады. Мектепалды даярлық сыныптарына 3000-нан астам бала, 1-сыныптарға 4342 оқушы қабылданды. 1-сыныпқа қабылданғандардың 81,3 %-ықазақ тіліндегі сыныптарға өтініш берген. Мектептерде бүлдіршіндерді 1-сыныпқа бейімдеу үшін қысқа мерзімді«Бүлдіршіндер мектебі» ұйымдастырылуда.
Облыстағы 15колледжде 4096студент бар. Қазіргі уақытта 2050 орынға мемлекеттік тапсырыс (оның ішінде республикалық бюджеттен-500)орналастырылды. Талапкерлер 30 тамызға дейін құжаттар тапсырады.
Теректі станциясының №6 негізгі орта мектебінің жаңа ғимаратының салуын жалғастыру жоспарланып отыр. Мектеп оқушылары уақытша клубта және бастауыш мектепте оқытылады: барлығы 57 бала.
Жылыту қазандықтары бар мектептерде - жылыту қазандықтары сыртқа 100 % шығарылған.
Ұлытау облысы бойынша әлі де күрделі жөндеу жүргізілмеген 40 мектеп бар екенін атап өткен жөн.
Алдынғы уақытта күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін Жезқазған қаласындағы №4, 13 мектептер, Сатпаев қаласында №27 мектеппен №4 мектеп-лицейі, Қаражал қаласындағы №10,11,30 мектептер, Ұлытау ауданында Байқоныр ауылының №17 жалпы білім беретін мектебі, Жаңаарқа ауданы бойынша Қараағаш БМ, Қызылжар ЖББМ (жергілікті атқарушы органдармен жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу, қаражат бөлу жоспарланып отыр).
Мектептердің білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес спорт залымен жабдықталуы қажет, алайда 10 мектепте спорт залы қарастырылмаған:
Сатпаев қаласында:1 (№7 жалпы білім беретін мектебінде бейімделген спорт зал);
Қаражал қаласында:1 (№5 бастауыш мектебінде);
Жаңаарқа ауданы бойынша: 8 (А.Сейдімбек атындағы ЖББМ, Көктал ЖББМ, Ақтайлақ НОМ, Айнабұлақ НОМ, Манадыр НОМ, 135 НОМ, 140 НОМ, Кенжебай-Самай НОМ)
Ақтүбек ЖББМ жанынан спорттық зал 2021 жылдың қыркүйек айынан салынуда. Құрылыс жұмыстары 70% аяқталды.
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі басты назарда, биылғы жылы жеке асхананың болмауына байланысты 6 мектепте оқушыларға тек буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған:
Жезқазған қаласында-1(Кешкі мектепте 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ұйымдастырылады),
Қаражал қаласында -1 (№5 бастауыш мектебінде);
Ұлытау ауданында-2 (№5, №12 негізгі орта мектебі);
Жаңаарқа ауданында-4 (Байғұл БМ, Жомарт БМ, 69 БМ, Қараағаш БМ).
Департамент тарапынан осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар беріліді, жоспар құрылды, шешілу мерзімдері белгіленді, облыс әкімінің және министрліктің бақылауына қойылды.