Профилактикалық бақылау қорытындысы

Профилактикалық бақылау қорытындысы
0

Қайырлы күн, әріптестер!

1 слайд.Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 59 бабының 4 тармағына сәйкес «Мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет жүргізеді».

Ұлытау облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті 2022 жылы бармай профилактикалық бақылау арқылы 24 білім беру мекемесіне (Балабақша -8, Мектеп - 14, ТжКББ-2) мемлекеттік аттестация жүргізді. Өкінішке орай, 24 -ы (100 %) аттестатталмады. 2023 жылға 30 білім беру мекемесі (Балабақша -8, Мектеп - 12, ТжКББ-10) жоспарланып, жоспар білім басқармасы, білім бөлімдеріне жолданды.

 2023 жылға жоспарланған білім беру мекемелері «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына (бұдан әрі-бағалау өлшемшарттары)сәйкес өзін-өзі бағалауын ұйымдастырады және өткізеді.

2 слайд.Білім беру қызметін өзін – өзі бағалауды (бұдан әрі-өзін-өзі бағалау) жүргізу кезінде зерттеудің негізгі бағыттары мен объектілері болып

1) білім беру ұйымдарының мақсаты, міндеттері мен құндылықтары;

2) оқыту және білім беру;

3) білікті қызметкерлердің болуы;

4) қолжетімді білім беру үшін жағдай жасау;

5) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) тиімді оқытуға ықпал ететін материалдық-техникалық база болып табылады.

Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген) бекітілген білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) жалпы талаптарына сәйкестігіне ұсынылатын білім беру қызметтерін, яғни

1) оқу нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұны;

2) тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі;

3) тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) даярлық деңгейі;

4) оқу мерзімін талдау жолымен жүзеге асырылады:

3 слайд.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын жыл сайынғы бағалау оқу нәтижелеріне бағалау жүргізбей өткізіледі, сонымен қатар білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ескере отырып, бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады;

Мемлекеттік аттестаттау алдындағы өзін-өзі бағалау оқу нәтижелеріне бағалау қолдану арқылы мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін екі ай бұрын өткізіледі. Бағалау білім беру мекемесінің комиссиясымен жүргізіледі. Комиссия құрамы 5 адамнан, шағын жинақыт мектептер үшін 3 адамнан кем болмайды.

4 слайд.  Сонымен қатар бағаланатын кезең бұрын өткен екі оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы болып табылады.

Білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін айқындау үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері білім беру мекемесінің өтініш хаты негізінде онлайн форматта сауалнама жүргізеді:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында-педагогтер, мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері); мектеп жасына дейінгі топтар болмаған кезде-үлкен жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналары арасында (заңды өкілдерінде);

бастауыш, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында-педагогтер, білім алушылар және 4, 9-сыныптардың білім алушыларының ата-аналары (заңды өкілдері); білім беру ұйымында бітіруші сыныптар болмаған кезде-жоғары сыныптардың білім алушылары мен ата-аналары (заңды өкілдері) арасында;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – педагогтер, жұмыс берушілер, өндірістік практика базаларының басшылары және бітіру курстарының білім алушылары; білім беру ұйымдарында бітіру курстары болмаған кезде – жоғары курстардың білім алушылары арасында.

сауалнама респонденттердің кемінде 90% қатысқан кезде жүргізіледі, бұл ретте олардың қатысуын білім беру ұйымы қамтамасыз етеді.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымға (тест тапсырмаларын қалыптастыру үшін) Бастауыш, негізгі орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау басталғанға дейін он күн бұрын оқыту нысандары мен тілдері бойынша бітіруші сыныптардың білім алушылар контингенті туралы анық мәліметтерді, оның ішінде оқыту нәтижелерін бағалауды жүргізу кестесін ұсыну және білім беру ұйымдарында компьютерлік тестілеуді өткізу кезінде олардың қызметкерлерінің бақылаушы ретінде қатысуы үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (олардың құзыреті шегінде) өтінішхат жолданады. Бұл жердегі өзгеріс тестілеуден 11 сынып оқушылары мен колледжді білім алушылары босатылды.

 

Өзін- өзі бағалаудың әр деңгей бойынша өлшемшарттары мен құрылымына тоқталатын болсақ:

 

8-12 слайд. Мектепке дейінгі ұйымдардың өзін-өзі бағалауын жүргізу туралы

нормативтік-құқықтық актілер:

-«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;

- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы;

-«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы;

-«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы;

-«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы.

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер бөлімінде білім беру ұйымының толық атауы, білім беру ұйымының орналасқан жері және заңды мекен жайы, заңды тұлғаның байланыс деректері, заңды тұлға өкілінің байланыс деректері, құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары, рұқсат беру құжаттары туралы ақпарат көрсетіледі (мемлекеттік тіркеу анықтамасы, мекеме Жарғысы, басшыны тағайындау  туралы бұйрық, мектепке дейінгі қызметті басталғаны туралы хабарлама тіркеледі).

Кадрлар туралы бөлімінде мектепке дейінгі ұйымдардың Үлгілік кағидаларын сақтауына,  тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар туралы, соның ішінде базалық білімі жоқ педагогтер туралы, басшының және педагогтердің аттестаттаудан өткендігі туралы, басшының және педагогтердің  біліктілігін арттыру курстары туралы ақпаратқа талдау жасалады (бағаланатын оқу жылдары бойынша кадрлар туралы 2-қосымша, педагогтердің дипломдары қосымшаларымен, қайта даярлау туралы  сертификаттар, педагогтердің  штаттық кестелері, біліктілік санаттар тағайындау туралы білім басқармаларының бұйрықтары тіркеледі).

Тәрбиеленушілер контингенті бөлімінде мектепке дейінгі ұйымдардың Үлгілік кағидаларын сақтауын, жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушілер бойынша, соның ішінде ерекше білім қажет ететін тәрбиеленушілер туралы, топтардың толуы, оның ішінде ерекше білім қажет ететін топтардың толуы, әртүрлі жастағы топтардың болуы, балалардың қозғалысы туралы, мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырыс орналастыру туралы мәліметтер көрсетіледі.

Тәрбие мен оқыту мерзімі бөлімінде балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау, тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақтауын талдауы беріледі (3-қосымша толтырылып тіркеледі).

Әдістемелік-оқу жұмысы бөлімінде оқу жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырылған қызметтің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкестігін анықтау және білім беру қызметін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына  сәйкес іске асыруын көрсетеді.

Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі бөлімінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларында белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігіне және сақталуына талдау жүргізіледі (бағаланатын кезең бойынша бекітілген жұмыс жоспарлары, ұйымдастырылған оқу қызметтері,болған жағдайда  ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке оқу жоспарлары, бағаланатын кезеңге бекітілген оқу бағдарламалары, ұйымдастырылған қызметтің перспективалық жоспарлары, циклограммалар тіркеледі)

Материалдық оқу активтер бөлімінде Үлгілік кағидаларды сақтауына талдау жасалады, мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараты туралы мәліметтер беріледі (ғимараттың іске косылған жылы, қуаттылығы, күрделі және ағымдағы жөндеуден өтуі немесе қажеттілігі), мектепке дейінгі ұйым бойынша балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін тұлғалық, интеллектуалдық, әлеуметтік-эмоционалдыққамтамасыз ететін жиһаз және құрал-жабдықтардың болуы,  оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы жағдайлардың жасалғандығы туралы бейнематериалдар, сондай-ақ жабдықтар мен жиһазға жүкқұжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмелері қоса беріледі ) 4-қосымшаға сәйкес мәлімет беріледі.

Кітапхана қоры мен ақпараттық ресурстар бөлімінде мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-әдістемелік кешендер туралы ақпарат салынады. (5-қосымша,  оқу-әдістемелік кешендерді алынғаны туралы жүкқұжаттардың көшірмелері салынады).

Тәрбиеленушілердің білімін бағалауы тәрбие және оқыту нәтижелері бөлімінде баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуына (жеке даму карталары тіркеледі); тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің  болуына және нәтижелеріне талдау жасалады (бастапқы мониторингісі тіркеледі); үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің болуы және талдауы жүргізіледі (қорытынды мониторинг тіркеледі).

Оқу – тәрбие үдерісіне қатынасушылармен жүргізілген сауалнама бөлімі бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында педагогтері мен, мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің,  мектепалды жастағы топтар болмаса – ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарына жүргізілген сауалнамаға  талдау жүргізіледі.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін бағалауға арналған өлшемшарттардың 1-қосымшасы негізінде бағалау парағы толтырылады (4-қосымшасы).

Кемшіліктер, ескертулер мен шешу жолдары бөлімінде бағалау қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымның кемшіліктері мен ескертулерін көрсетіп, шешу жолдарын анықтайды. 

Тұжырымдар мен ұсыныстар шығарылады. Өзін-өзі бағалау қорытындысы педагогикалық кеңес отырысында қарастырылады және білім беру процесінің барлық қатысушыларының назарына жеткізіледі.         Білім беру ұйымының басшысы өзін-өзі бағалау қорытындысының нәтижелері бойынша қамқоршылық кеңес алдында есеп береді.

Білім беру ұйымын бағалау өлшемшарттарындағы "үлгілі", "жақсы", "жетілдіруді қажет етеді", «төмен» деген бағалардың бірі қолданылады.

Мектепке дейінгі ұйымы өзін-өзі бағалау қорытындысын білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынады, сонымен қатар оларды бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жоспарланған мерзіміне дейін бір айдан кешіктірмей өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

 

13-23 слайд. Бастауыш, негізгі жалпы орта білім беру деңгейі бойынша

 

  1. Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер:білім беру ұйымының толық атауы, білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы), заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, web-сайт), заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә., лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі), құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі, рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) қамтиды.
  2. Педагог кадрлар құрамына: педагогтардың біліктілігі, білімі, қайта даярлаудан өтуі, штаттағы педагогтар мен қоса атқарушылар, қоса атқарушылардың оқу жүктемесі, білім беру ұйымы басшысының үш жылда бір рет аттестациядан өтуі, басшы кадрлар мен педагогтардың 3 жылдан кем емес уақытта біліктілігін арттыруы, педагогтардың 5 жылдан кем емес уақытта біліктілік санаттарын арттыруы немесе қорғауы, соңғы 5 жылда білім саласындағы өкілетті орган бекіткен аудандық, облыстық, республикалық байқау мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтар туралы мәліметтерге талдау жасалады.

        Талдау жасау үшін білім беру ұйымы штат кестесін, тарификациялық тізімді, педагогтардың білім туралы құжаттарды, болған жағдайда қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттарын, мектеп басшысы қол қойып, мөрін соғып, әдістемелік ұсыныммен бекітілген №7 қосымшаны, білім беру басқармасының біліктілік санатын берген бұйрықтарының көшірмелерін ұсынады.

        Ұсынылған құжаттар негізінде педагог кадрлардың сапалық құрамының сәйкестілігі БжҒ министрлігінің №391 бұйрығына; педагогтардың атқарып жүрген қызметтеріне мамандықтарының сәйкестілігі «Педагог мәртебесі» туралы заң талаптарына; басшы, әкімшілік, педагогтардың біліктілік санаттарын қорғауы немесе арттыруы БжҒ министрлігінің №83 бұйрығына сәйкестілігі қаралып, анықталады.

  1. Оқушылар контингенті: білім беру деңгейлері бойынша оқушылардың саны, соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың саны, сынып жинақтауыштарының толымдылығы, оқушылар қозғалысы бойынша қаралады.

Оқушылар контингентін зерделеу үшін мектеп әдістемелік ұсынымның №8 қосымшасына сай кестені мектеп басшысының қолымен, мектеп мөрімен бекітіп береді.

        Оқушылар контингентінің құрылымы БжҒ министрлігінің №564 бұйрығына және ОА министрлігінің №385 бұйрықтарының талабына сәйкестілігі қаралады.

  1. Оқу-әдістемелік жұмыс: мұнда мектеп басшысы бекіткен жұмыс оқу жоспары мен сабақ кестесінің болуы және олардың үлгілік оқу жоспары мен МЖМББ стандартының талаптарына сәйкестігі, білім беру стандартына сай оқу бағдарламаларының орындалуы, білім алушылардың жеке қызығушылығы мен қажеттілігі ескерілген бейінді оқытудың жүзеге асырылуы, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беруді ұйымдастыру, вариативтік компоненттегі факультативтер мен таңдау бойынша курстардың жүзеге асырылуы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асыру, білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы, сыныпты топтарға бөліп оқыту талаптары талданады. Тәрбие жұмысының жоспарлары арқылы білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асырылуы және білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыруыбағаланады.

Мектеп мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын толық орындағанын дәлелдеу үшін бағалау кезеңін қамтитын бекітілген оқу жоспарларын, инвариантты және вариативтік сабақтардың кестесін, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, тәрбие жұмысының жоспарын, оқушылардың жетістіктерін ұсынады.

Ұсынылған құжаттар арқылы оқу жоспарлары БжҒ министрлігінің №500 бұйрығының, оқу бағдарламалары №115 бұйрықтың, стандарттың орындалуы ОА министрлігінің №348 бұйрығының талаптарына сәйкестілігі анықталады.

  1. Оқу материалдық активтер:мектеп ғимаратының жағдайы, ғимараттың салынған жылы, жобалық қуаты, күрделі жөндеуден өтуі, меншіктілігі (жедел басқару құқығында немесе жалға алынған ғимараттар), кабинеттер, зертханалар, шеберханалар, спорт зал, акт залының болуы, өткізу пункті, санитарлық тораптардың болуы, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасалуы, медициналық кабинеттермен, асханамен қамтамасыз етілуі, жиһаздар, шкафтар, зертханалық оқу-құрал жабдықтарының, бейнебақылаудың, техникалық құралдардың және еду кз аймағындағы үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы талданады.

Мектеп әдістемелік ұсынымның №9,10,11 қосымшасына сай басшы қол қойған, мектеп мөрі басылған мәліметтерді, материалдық-техникалық база толық көрінетіндей бейнеконтент,медициналық кабинеттің лицензиясы немесе келісім шарты, асханаға берілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды акт және ғимараттың өрт қауіпсіздігіне сәйкестігі жөнінде қорытынды актілерді ұсынады. 

Нәтижесінде БжҒ министрлігінің «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы»   No70 бұйрығы,  Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы бірлескен №49 және №32 бұйрық, БжҒ министрлігінің №391 бұйрығында көрсетілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі бағаланады.  

6.Ақпараттық ресурс және кітапхана қорында: компьютерлік класстар мен интернет желісіне қосылған компьютерлер саны және кітапхана қорындағы оқулық қоры мен көркем әдебиеттер талданады.

Мектепәдістемелік ұсынымның №12 қосымшасына сай кітап қоры жөніндегі мәліметті және алынған кітаптар мен көркем әдебиеттердің жүк құжаттарын ұсынады.

Нәтижесінде БжҒ министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» 2016 бұйрық және №391 бұйрығында көрсетілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне және сәйкестігі немесе сәйкес еместігі анықталады.  

  1. Оқушы білімін бағалау:білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы, яғни оқу пәндері бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі, формативті бағалау, БЖБ, ТЖБ балдарының талапқа сай қойылуы, қорытынды емтихандардың жүргізілуі, ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін инклюзивті білім беру талаптарының орындалуы қаралып, 4,9-сыныптарға кешенді тест жүргізіледі.

Мектеп емтихан хаттамаларын және әдістемелік ұсынымның №13 қосымшасына сай 4,9-сынып оқушыларының кешенді тест нәтижесін ұсынады, «күнделік кз» порталы арқылы формативтіжәне жиынтық бағалау, қорытынды бағалаулар талданады.

Нәтижесінде білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптары БжҒ министрлігінің №125, №130 бұйрықтарына сәйкесте жүзеге асқандығы және 4,9-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелері бағаланады.

  1. Білім беру процесіне қатысушылар: 4,9-сынып оқушылары және олардың ата-аналары, педагогтарға сауалнама жүргізу нәтижесінде білім беру процесіне қатысушылардың қанағаттану деңгейі анықталады.

Барлық бағамдар бойынша толық талдау жасалғаннан кейін, кемшіліктер көрсетіліп, оны жою және болдырмау жолдарына ұсыныстар беріледі.

24-32 слайд. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалауын келесі құрылым бойынша жүзеге асырады:

  1. Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер бөлімінде білім беру ұйымының толық атауы, білім беру ұйымының орналасқан жері және заңды мекен жайы, заңды тұлғаның байланыс деректері, заңды тұлға өкілінің байланыс деректері, құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары, рұқсат беру құжаттары туралы ақпарат көрсетіледі (мемлекеттік тіркеу анықтамасы, мекеме Жарғысы, басшыны тағайындау (заңды тұлғаны тіркеу / қайта тіркеу туралы анықтама, басшы лауазымына тағайындау туралы заңды тұлға өкілінің бұйрығы, білім беру ұйымдарының жарғысы, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар тіркеледі).
  2. Кадрлар туралы бөлімінде білім беру ұйымының педагогтармен жасақталуына талдау жасалады:педагогтардың және өндірістік оқыту шеберлері білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтуі, мемлекеттік білім беру ұйымы басшыларының үш жылда бір рет аттестаттаудан өтуі;кемінде бес жылда бір рет педагогтердің біліктілік санатының деңгейін жоғарылату/растау туралы, оның ішінде магистр дәрежесі, философия докторы (PhD)ғылыми дәрежесі бар педагогтер;үш жылда кемінде бір рет басшы кадрлардың, педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер;ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтары мен өндірістік оқыту шеберлері туралы мәліметтер зерделенеді.

Зерделеуге 15-қосымшаға сәйкес басшының қолымен және мөрімен куәландырылған кесте қоса беріледі, оның ішінде өтініштермен, қайта даярлаудан өткені туралы куәліктермен (болған жағдайда) оқытушылардың білімі туралы құжаттар; болжамды кезеңдегі оқытушылардың штаттық кестесі және тарификациялық тізім; бағаланатын кезеңге біліктілік санатын беру/растау туралы білім беру органдарының бұйрықтары, есепті кезеңде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен арнаулы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін қоса алғанда, тиісті бейіні бойынша басқарушы кадрлардың және оқытушылардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер ұсынады.

        Ұсынылған құжаттар негізінде педагог кадрлардың сапалық құрамының сәйкестілігі БжҒ министрлігінің №391 бұйрығына; педагогтардың атқарып жүрген қызметтеріне мамандықтарының сәйкестілігі «Педагог мәртебесі» туралы заң талаптарына; басшы, әкімшілік, педагогтардың біліктілік санаттарын қорғауы немесе арттыруы БжҒ министрлігінің №83 бұйрығына сәйкестілігі қаралып, анықталады.

  1. Білім алушылар контингенті бөлімінде білім алушылар контингенті, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар туралы мәліметтер; оқытудың толық кезеңін қамтитын, мамандықтың дайындалатын біліктіліктеріне сәйкес практика базалары ретінде айқындалған шарттар;мамандығы бойынша түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтуы, бұл ретте бітірген жылы ішінде мамандығы бойынша түлектердің жалпы санынан жұмысқа орналастырылғандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі қаралады.

Білім алушылар контингентінзерделеу үшін бағаланатын кезеңдегі мамандықтар мен біліктіліктер бойынша білім алушылар контингентінің тізімі, 16-қосымшаға сәйкес басшының қолымен және мөрімен расталған кесте, оның ішінде практика базалары ұйымдарымен шарт, жұмыс берушілерден жұмысқа орналасу туралы анықтама қоса беріледі.

  1. Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша оқу жылына әзірленген және бекітілген (қызмет бағыттары бойынша) жұмыс жоспары, зертханалық-практикалық сабақтардың орындалуы, өндірістік және кәсіптік тәжірибеден өту, білім алушыларды аралық аттестаттаудың, оның ішінде кредиттік және (немесе) модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушыларды аралық аттестаттаудың емтиханды тапсыруы, курстық және дипломдық жұмыстардың орындалуы, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 1,2-қосымшаларына сәйкес оқу жоспарларының үлгілері негізінде әзірленген жұмыс оқу жоспарлары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға (бар болса) жеке білім беру жоспары және арнайы білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы, білім алушылардың үлгерімін ағымды бағалау, аралық аттестаттау және қорытынды аттестаттау түрінде оқытудың нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауды жүргізу, білім алушылардың оқу жүктемесінің шекті көлемі зерделенеді.

          Зерделеуге есептік кезеңге әзірленген және бекітілген (қызмет бағыттары бойынша) жұмыс жоспары,жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру ұйымдары әзірлеген білім беру бағдарламалары (бар болса), WorldSkills (WorldSkills) кәсіби стандарттары (бар болса) бағаланатын кезеңге, бағаланатын кезеңге техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 1, 2-қосымшаларына сәйкес оқу жоспарларының үлгілері негізінде әзірленген жұмыс оқу жоспарлары, бағаланатын кезеңдегі оқу нәтижелеріне бағытталған оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша білім беру ұйымы бекіткен жұмыс оқу жоспарлары, бағаланатын кезеңге ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға (бар болса) жеке білім беру жоспары және арнайы білім беру бағдарламасы, Теориялық, жеке оқу және өндірістік оқытуды есепке алу журналы, оның ішінде есептік кезеңдегі академиялық сағаттарда оқу бағдарламаларын орындау бойынша есеп берутабелі, білім алушыларды аралық аттестаттаудың, оның ішінде кредиттік және (немесе) модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушыларды аралық аттестаттаудың емтихан ведомосттары, бағаланатын кезеңдегі қорытынды аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы ұсынылады.

  1. Оқу-материалдық активтер бойынша ғимарат туралы мәліметтер (ғимарат түрі, салынған жылы, жобалық қуаты, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі және т.б.).

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына жататын материалдық активтердің (кабинеттер, дәріс аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, зертханалар, нақты біліктіліктер, мамандықтар бойынша шеберханалар, акт және дене шынықтыру залдары, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мақсаттағы (өткізу пункттері, санитарлық тораптар) болуы туралы мәліметтер (унитаздар, қол жуатын раковиналар), білім беру ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы, тұру үшін жағдайлардың болуы) зерделенеді.

17-қосымшаға сәйкес басшының қолымен және мөрімен расталған кесте қоса беріледі. Мамандықтар бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейнематериалдар. Жабдық пен жиһазға жүкқұжаттар, оның ішінде бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі ұсынылады.

  1. Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры бойынша дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қоры, интернет желісіне қосылған, компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жабдықталуы қаралады.

Зерделеуге 18-қосымшаға сәйкес оқу және ғылыми әдебиеттер қоры, оқу әдебиеті мен ғылыми әдебиеттерге жүкқұжаттар, компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандыру туралы мәліметтер ұсынылады.

№391 бұйрығында көрсетілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне және сәйкестігі немесе сәйкес еместігі анықталады.  

  1. Білім алушылардың білімін бағалау бойынша білім алушылардың қорытынды және қайталама қорытынды аттестаттау нәтижелерін талданады.

Зерделеуге қорытынды аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамалары және қорытынды аттестаттау комиссиясы төрағасының есебі ұсынылады.

  1. Білім беру процесіне қатысушылардың сауалнамасы ұсынылатын білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау бойынша білім беру процесіне қатысушыларға жүргізілген сауалнама нәтижелеріне талдау жасалады.

Барлық бағамдар бойынша толық талдау жасалғаннан кейін, кемшіліктер көрсетіліп, оны жою және болдырмау жолдарына ұсыныстар беріледі.

Білім беру ұйымын бағалау өлшемшарттарындағы «үлгілі», «жақсы», «жетілдіруді қажет етеді», «төмен» деген бағалардың бірі қолданылады.

Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рахмет!