Педагогикалық әдеп мәселелері талқыланды

2026 жылғы 8 мамырда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жоспарына сәйкес Қаражал қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен және білім беру ұйымдарындағы Әдеп жөніндегі кеңес төрағаларының қатысуымен Zoom платформасы арқылы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, кәсіби этика талаптарын ұстану және білім беру ұйымдарындағы қолайлы ахуалды қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Педагогикалық әдепті сақтау – сапалы білім мен кәсіби мәдениеттің негізі.