Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ж. Ақылбекованың төрағалығымен орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындыларына арналған жиналыс
2026 жылғы 20 сәуірде Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ж. Ақылбекованың төрағалығымен орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындыларына арналған жиналыс өтті.
Жиын барысында Ұлытау облысының білім беру жүйесіне жүргізілген кешенді талдау нәтижелері туралы Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н. Жакупбекова баяндама жасап, білім сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Сондай-ақ, анықталған кемшіліктерді жою бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар туралы білім басқармасы басшысының орынбасары М.Ж. Туребаев сөз сөйледі.
Жиналыс қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында анықталған кемшіліктерді жою, білім сапасын арттыру және мемлекеттік саясат талаптарын тиімді іске асыру бағытында жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілді.