Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жоспарлы отырысы өтті

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жоспарлы отырысы өтті

2025 жылғы 11 желтоқсан күні Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жоспарлы төртінші отырысы өткізілді.

Отырыста білім беру ұйымдарында «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарының және педагогикалық әдеп қағидаларының сақталуы қаралды. Осыған байланысты Қаражал қаласындағы №30 мектептің, Жаңаарқа ауданы Оспан Әлібаев атындағы мектептің және Жезқазған қаласы №22 мектептің әдеп жөніндегі кеңес төрағалары атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Мектептерде педагогтердің құқықтарын қорғау, артық жүктемеге жол бермеу, әдеп мәдениетін қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан шаралар талқыланып, кеңес мүшелерінен ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарынан келіп түскен сұраныстарға жүргізілген мониторинг нәтижелері, олардың саны мен мазмұнына жасалған талдау ұсынылды. Талқылау барысында сұраныстардың мазмұны, қайталанатын мәселелер, педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігі және алдын алу шараларын күшейту бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар беріліп, педагогикалық әдеп мәдениетін нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру маңыздылығы атап өтілді.