VIII шақырылған Ұлытау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясы өтті.

VIII шақырылған Ұлытау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясы өтті.
0

27.11.2025 жылы VIII шақырылған Ұлытау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясы өтті. Сессияны Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов ашып, жүргізді. Жиынға облыс әкімі Дастан Рыспеков қатысты.

Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
- Ұлытау облыстық мәслихатының XXIII сессиясының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №211 «2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу;
- «Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту;
- Ұлытау облысының білім беру жүйесінің сапасы, жай-күйі және даму барысы туралы мәселе;
- Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 26 шілдедегі №4/51 «Ұлытау облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» шешімінің күшін жойылды деп тану;
- Ұлытау облысында ортақ су пайдаланудың жаңа қағидаларын белгілеу;
- Ұлытау облыстық мәслихатының III сессиясының 2023 жылғы 16 маусымдағы №36 «Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу;
- Ұлытау облыстық мәслихатының IV сессиясының 2023 жылғы 26 шілдедегі №48 «Ұлытау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.
Сессия барысында барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан бір ауыздан қолдау тауып, тиісті ұсыныстар берілді және қажетті шешімдер қабылданды.