Ұлытау облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

20.11.2025 жылы Ұлытау облыстық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, қала құрылысы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.Отырысты облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов ашып, жүргізді.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:
1. Ұлытау облысының білім жүйесінің жай-күйі және дамуы туралы
2. Ұлытау облысының білім беру жүйесінің сапасы
3. Ұлытау облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары тармақтарының орындалуы
Баяндамашылар:
• Ставицкая В.А. – Ұлытау облыстық мәслихаттың экономикалық даму, бюджет, қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
• Мұнсызбаева А.Т. – білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы
• Жакупбекова Г.Н. – Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
• Ахметбеков А.М. – табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы
• Мамилов А.И. – Ұлытау облысының экология департаментінің басшысы
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді, сондай-ақ қажетті шешімдер қабылданды.