Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі-мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше түс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі

Жоспар бойынша 2025 жылдың 27 ақпанында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ақылбекованың төрағалығымен Қаражал қаласының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы кезекті мәжілісі өтті.
Мәжіліске Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д.Ж. Оспанбекова және білім ұйымдарының басшылары қатысты.
З.Ақылбекова мәжілістің негізгі мақсатын айта отырып, талдау барысында Қаражал қаласы білім бөлімінің білім ұйымдарындағы білім сапасының деңгейін зерделеп, өзекті мәселелерді табу жолдарын айқындауды тапсырды.
Қаражал қаласы білім бөлімінің басшысы Т.Б. Аштаев білім беруді дамыту бағытында биылғы оқу жылында атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алға қойылған жоспары туралы таныстырып өтті.
Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н.Жакупбекова Қаражал қаласы білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өтуі, мемлекеттік бақылау қорытындыларын айта отырып, ішкі білім сапасын сыртқы білім сапасымен теңестіруге жұмыс жасауды ұсынды.
Ұлытау облысының әдістемелік орталығының директоры Ы.Т.Ермаганбетова Қаражал қаласы білім беру ұйымдарындағы оқу мен оқыту сапасын талдап, директорлар орынбасарларының біліктілігін арттыру мен атқаратын жұмыстарына назар аударуды айтып өтті.
Қорыта келе, З.Ақылбекова Қаражал қаласы мектепке дейінгі мекемелерінің, жалпы білім беретін ұйымдарының педагогтер мен әкімшілігінің біліктілік санаттары қанағаттанарлық екеніне тоқталып, біліктілік арттыру семинарлар, тренингтер өткізуді, тәжірибе алмасуды жандандыру, сырттан педагог-шеберлерден пікір алмасуды кеңейту жолдары арқылы білім сапасының өзекті мәселелерін шешу жолдарын табуды тапсырды.