Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы

Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы
0

2025 жылдың 31 қаңтарындағы Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында З.Д. Акилбекованың төрағалығымен «Жетім және ата-ананың қамқорлығынысыз қалған балалардың құқықтарының қорғалуы туралы» баяндама  барысында тұрғын-үй, алимент, арнаулы әлеуметтік қызметтер алу, жұмыспен қамтылуы бойынша толыққанды ақпарат беріліп, жан-жақты талқылау жүргізілді.

Сонымен қатар, Жезқазған қаласының әкімінің орынбасары Әбен Берік Әбдікамалұлы Жезқазған қаласының әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау комиссиясының  2024 жылғы 12 айында атқарған жұмысы және 2025 жылға  жұмыс жоспарымен таныстырып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Комиссия төрағасы Акилбекова З.Д. Жезқазған қаласының әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау комиссиясының жұмыс атқаруы барысында кездескен өзекті мәселелер бойынша кеңес алу, тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы айтып өтті.