Ұлытау облысының мектепке дейінгі ұйымдарының директорлары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын

Бүгін, яғни 29 қаңтар 2025 жылы Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ұлытау облысының мектепке дейінгі ұйымдарының директорлары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.
Жоспар бойынша екі мәселеге тоқталды.
Бірінші мәселе бойынша бас маман Жолдыбаева Д.С. Ұлытау облысының білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысының ұйымдастырылуы туралы қысқаша таныстырып өтті.
Сонымен қатар, алдағы уақытта білім беру ұйымының әр маманына, қызметкеріне кеңестің мақсаты, міндеттері айқындалып, кездескен өзекті мәселеге әділетті, толыққанды шешімді таба алатындарына көз жеткізіп, сенім артуды қолға алу ұсынылды.
Екінші мәселе бойынша бас маман Нуржанова А.К Ұлттық білім беру деректер қоры ақпараттық жүйесінің уақытылы өзектіленуі (ҰБДҚ) туралы мониторинг нәтижелерімен таныстыра отырып, әр қала, аудандардың бөбекжайының дерекқорында анықталған дұрыс емес мәліметтерге тоқталып өтті.
Білім беру ұйымдарының басшылары тарапынан 2024 жылдың 13 қарашасындағы ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» заңының 45-бабының 3-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымының басшысы ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен Ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді сәйкестендіруді қатаң бақылауға алу ұсынылады.
Білім беру ұйымдарының назарына: Ұлттық білім беру деректер қорын дұрыс толтыру бюджет қаражатын бөлінуіне әсер етеді.