СҰХБАТ: БАСТЫ МАҚСАТ-САПАЛЫ БІЛІМ

СҰХБАТ: БАСТЫ МАҚСАТ-САПАЛЫ БІЛІМ

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі Жолдауында «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет», - деді.

Әрине, сапалы білім-сапалы мұғалімнің болуын талап етеді. Соңғы жылдары педагог мәртебесін көтеру мақсатымен қоса бүгінгі күні әрбір педагог алдында үлкен жауапкершілік тұрғаны белгілі. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын артттыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету, танымдық белсенділігін арттыру, шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың қабілеттерін жарыққа шығару - педагогтердің алдындағы кәсіби міндеттерінің бірі. Осы бағытта педагогтерге әдістемелік қолдау, арнайы курстар ұйымдастыру, мектептегі менеджменті күшейту, білім сапасын арттыруда мектепішілік бақылауды ұтымды жоспарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сонымен қатар, жалпы мектептерде әр оқушыға қауіпсіз орта құру міндеті тұр. Ол балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу, білім мекемелерінде психологиялық қызметті институционалды түрде нығайту мақсаттары тұр.

Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті де осы бағыттарды басшылыққа алатын болады. Қазіргі күні жүргізіліп жатқан мемлекеттік аттестация жүйесі де білім мекемелерінде әр оқушыға сапалы білім беру қызметін талапқа сай болуын қамтамасыз етеді. Айта кету керек, мемлекеттік бақылау шараларының нәтижесінде жан –жақты жүргізілген мониторингттермен, профилақтикалық бақылаумен қамтылған мекемелердің 80-ге жуық пайызы білім саласындағы Заңнамаға сәйкес келтіргені туралы айта кетуге жөн көрдім.