
Сумен қамту
Облыс бойынша ауыл халқының сумен қамтамасыз етілуі 100%-ды құрайды. Күні бүгінге 413 ауылдың 362-і орталықтандырылған ауыз сумен, КБМ-нан бас тартқан 51 ауыл құдықтар мен ұңғымаларды пайдалану есебінен сумен қамтылған.
2025 жылы 8,9 млрд теңгеге (14 жоба – 8,6 млрд тг. (РБ-6,2 млрд тг., ЖБ-2,4 млрд тг); 40 КБМ – 0,3 млрд.тг (ЖБ)) 15 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталып, 40 ауылда кешендік блок-модуль орнатылды.
Анықтама ретінде: 413 ауылдың 362-і орталықтандырылған сумен жабдықтауға жатады (орталықтандырылған сумен жабдықтауды жүргізу 51 елді мекенде мүмкін емес, 8 елді-мекен таратылған; 43 елді-мекенде экономикалық тұрғыдан тиімсіз, себебі тұрғындардың саны орта есеппен 20 адам, бұл елді мекендерде сумен жабдықтау құдықтар мен ұңғымаларды пайдалану есебінен сумен қамтылған.)
Нәтижесінде, 8 мыңдай адам таза ауыз сумен қамтылып, өңір халқын толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды.
Тұрғын үй
Тұрғын үй құрылысы бойынша 2025 жылы 21,8 млрд теңге бөлінді (мемлекеттік бағалы қағаздар – 14,6 млрд, республикалық бюджет – 2,8 млрд. теңге, жергілікті бюджет - 4,4 млрд. теңге).
Жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған азаматтар үшін 7 көпқабатты тұрғын үй (кредиттік тұрғын үйлер - барлығы 1040 пәтер) және ауылдық жерлерде 14 тұрғын үй (13-і кредиттік, 1-і жалдамалы, жалпы – 252 пәтер), яғни жалпы 1292 пәтердің құрылысы көзделген болатын. Оның ішінде жыл соңында 3 көп қабатты тұрғын үй (492 пәтер) және ауылдық елді мекендерде 1 тұрғын үй (24 пәтер), жалпы 516 пәтерді пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, кезекте тұрған әлеуметтік осал топтар үшін Орал қаласы мен облыс аудандарында 580 пәтер сатып алынды.
Апаттық тұрғын үй қорын жою шеңберінде тұрғын үйі апатты деп танылған отбасылар үшін 147 пәтер сатып алынды. Бұл мақсатқа 3,0 млрд. теңге бөлінді, қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы осы бағытта Орал қаласында (75 пәтер) және Сырым ауданында (72 пәтер) сатып алынған.
Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған азаматтар үшін 4 көпқабатты тұрғын үй (кредиттік тұрғын үйлер - барлығы 548 пәтер) және ауылдық жерлерде 13 тұрғын үй (13-і кредиттік, жалпы – 228 пәтер), яғни жалпы 776 пәтердің құрылысы жүргізіледі.
Бұдан бөлек, республикалық бюджет есебінен 2,8 млрд. теңге қарастырылып, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 205 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым
2025 жылы 13 инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым нысаны құрылысына 10,7 млрд. теңге (мемлекеттік бағалы қағаздар – 6,4 млрд, Ұлттық қор – 3,8 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 0,5 млрд. теңге) қарастырылған. Жылдың қорытындысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған 1588 жер учаскесін (Бөрлі ауданы – 680, Ақжайық ауданы – 128, Теректі ауданы – 780) инженерлік желілермен қамтамасыз етілді.
Ответ: Кепілдік мерзіміне байланысты мердігер жөндейді.
Тапсырыс бойынша салынған жаңа тұрғын үйлер құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қабылдау актісі негізінде уәкілетті мемлекеттік органның балансына өткізіледі. Объект балансқа берілгеннен кейін мердігер ұйымдар кепілдік мерзімі ішінде анықталған кемшіліктерді жою және жөндеу жұмыстарын жүргізу міндеттемесін өз мойнына алады. Егер тұрғын үй құрылысын жүргізген мердігер құрылыс нормаларын, стандарттарын немесе жобалық-сметалық құжаттаманы бұзса, және бұл жағдайлар қабылдау актісінен кейін белгілі болса, онда сол мердігер анықталған ақауларды өз есебінен жоюға міндетті.
Сілтеме НҚА: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Жауап: Құрылысқа рұқсат алу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасына және эскиздік жоба келісуіне өтініш беріп, құрылыс аяқталғаннан кейін қабылдау актісіне өтініш беру қажет.
Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);
Өтініш беру порталы: gov.ggk.kz
Әрекет тәртібі:
ЭЦҚ арқылы gov.ggk.kz порталына кіріңіз.
Қызметтер тізімінен «Архитектуралық-жоспарлау тапсырмасын (АЖТ) беру» қызметін таңдаңыз.
Өтінішті толтырыңыз:
жер учаскесінің кадастрлық нөмірін көрсетіңіз;
құрылыс мақсаттарын таңдаңыз (тұрғын үй, дүкен және т.б.);
жерге құқықты растайтын құжаттарды тіркеңіз.
Өтінішті ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.
Белгіленген мерзім ішінде (10 жұмыс күніне дейін) жеке кабинетіңізден АЖТ құжатын алыңыз.
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісуден өткізу;
Өтініш беру порталы: gov.ggk.kz
Әрекет тәртібі:
Лицензиясы бар жобалаушыдан эскиздік жобаны жасауды тапсырыңыз.
ЭЦҚ арқылы gov.ggk.kz порталына кіріңіз.
Қызметтер тізімінен «Эскиздік жобаны келісу» қызметін таңдаңыз.
Өтінішті толтырыңыз:
объектіні көрсетіп, эскизді тіркеңіз;
бұған дейін берілген АЖТ нөмірін көрсетіңіз;
қажетті құжаттарды қосыңыз (егер сіз меншік иесі болмасаңыз — келісім қоса тіркелуі тиіс).
Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.
Қарау нәтижесінде (15 жұмыс күніне дейін) белгі қойылған келісу хаттамасын алыңыз.
3) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу (бұдан әрі – жобалау) және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Өтініш беру порталы: elicense.kz
Әрекет тәртібі:
ЭЦҚ арқылы elicense.kz порталына кіріңіз.
«Салынған нысанды пайдалануға қабылдау» қызметін табыңыз (аймаққа байланысты атауы сәл өзгеруі мүмкін).
Өтінішті толтырыңыз:
нысан туралы мәліметтерді көрсетіңіз;
техникалық паспорт пен атқарушылық құжаттаманы тіркеңіз;
қажет болған жағдайда — бақылаушы органдардың қорытындыларын қосыңыз.
Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.
Нысан талаптарға сай болған жағдайда, қабылдау актісі (пайдалануға енгізу) электронды түрде беріледі.
Жауап: Құрылысы аяқталған объектіні қабылдау оның бекітілген жобаға сәйкес толық дайын болған жағдайда қабылдау актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау тапсырыс беруші мен мердігер ұйым, техникалық және авторлық қадағалаумен бірлесіп жүргізіледі.
"Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Қазақстан Республикасы Заңының 11-тарауымен регламенттеледі.
Осылайша, Заңның 11-тарауының 73-бабына сәйкес, салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беруді Тапсырыс беруші бекітілген жобаға сәйкес толық дайын болған кезде және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде жүргізеді. Бұл ретте салынған объектінің толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп атқарушылық техникалық құжаттаманың болуы мен толықтығы тұрғысынан тексеруге, тиісті акт бойынша Объектіні қарап шығуға және пайдалануға қабылдауға (объектіні түпкілікті тексеруді жүргізуге) міндетті пайдалануға қабылдауға дайындық).