Меню

Страницы

Статья

"2020 жылға өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау нысандарының құрылысы.

"Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау нысандарының құрылысы

Облыста 433 АЕМ бар,оның ішінде орталықтандырылған сумен жабдықталған 214 АЕМ, бұл елді мекендердің 49,4% құрайды. Тұрғындарды сумен қамтамасыз етілуі 276,8 мың адамды немесе 86,2% құрайды.

- 214 орталықтандырылған сумен жабдықталған;

- 218 орталықсыздандырылған сумен жабдықталған;

– 1 тасымалданатын сумен пайдаланады (Бөкей ордасы ауданының Үштерек ауылында -2019 жылғы құрылыс).

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру басталғаннан бастап 2011-2018 жылдар аралығында 118 нысан салынды және қайта жаңартылды, оның ішінде барлығы қалыпты режимде жұмыс істейді.

Ауылдық елді мекендерде коммуналдық меншіктегі су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 2896,3 км құрайды.

Өңірлерді дамытудың негізгі факторларының бірі халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2020 жылдың соңына дейін ауылдарды 85%-ға дейін ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойды.

Бүгінгі күні орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 214 АЕМ (433 АЕМ-ден) немесе 276,8 мың адам тұратын елді мекендердің жалпы санының 49,4% - ын немесе барлық АЕМ-нің 86,2% құрайды.

Алайда, бүгінгі күні ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті және шешілмеген мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта 218 АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықталған жоқ.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы БҚО Сырым ауданы Жымпиты ауылында Кеңащы жер асты сулары кен орнынан топтық су құбырының құрылысы жүргізілуде. Жобалық сметалық құжаттама ҚР АШМ берілді (Тапсырыс беруші).

Дата публикации
06 декабря 2019
Дата обновления
06 декабря 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы