Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
m.mulkai@bko.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Мүлкәй Мирас Рүстемұлы
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Общая информация, образование

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылысшы»мамандығы бойынша тәмамдаған.

Карьера

Әр жылдары:
* Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі- абаттандыру секторының бас маманы,
* Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі,
* Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің орынбасары,
* Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы,
* Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінде болды.

 


 

Лауазымдық міндеттері

Ұйымдастырады:

- құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмысты;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендер, өнеркәсіптік объектілері, телекоммуникация желілері, абаттандыру, көгалдандыру, қалдықтарды басқару салаларында инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты;

- энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау бойынша жұмысы;

- жолаушылар көлігі саласында бірыңғай саясатты жүргізуде және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуде реттеу, үйлестіру және бақылау бойынша жұмысты;

- тұрғын үй қорын басқару саласында объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмысты.


Үйлестіреді:

- құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру және көгалдандыру, өнеркәсіп, көлік, автомобиль жолдары, телекоммуникация, қала құрылысы, сәулет, сәулет-құрылыс бақылау салалары бойынша бағдарламалар мен кешенді іс-шаралардың  жүзеге асырылуы бойынша аумақтық органдардың өзара әрекеттесуін;

- өз құзыреті шегінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара әрекеттесуін.


Төмендегідей облыстық басқармалардың қызметіне жетекшілік етеді:

- құрылыс;

- мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы;

- энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

- жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары.


Басшылықты жүзеге асырады:

- әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру және көгалдандыру, өнеркәсіп, көлік, автомобиль жолдары, телекоммуникация, қала құрылысы, сәулет, сәулет-құрылыс бақылау бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне.

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы