
ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ
Автобус маршруттары
Бүгінгі таңда облыста 4 халықаралық маршрут бар (Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов).
1 облысаралық маршрут жұмыс істейді (Атырауға), 27 ауданаралық маршрутқа 20 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Барлық 12 аудан орталықтары автобус маршруттарымен қамтылған.
Соңғы жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып келеді, сонымен қатар субсидияланатын маршруттар саны да өсуде. Бүгінгі күнге 18 тасымалдаушы 25 маршрут бойынша субсидия алып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 614,5 млн. теңге игерілді (2024 ж – 436,0 млн.теңге), 310 468 жолаушы тасымалданды.
Субсидия және облыс әкімдігінің қолдауы арқасында ауданаралық маршруттарда қызмет көрсететін тасымалдаушылардың автопарктері жаңартылып келеді. 2023-2025 жылдары 19 жаңа автобус сатып алынды.
Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға өз әсерін тигізді.
Теміржол маршруттары
Біздің облыс арқылы келесі теміржол маршруттары өтеді:
- «Алматы-Саратов» халықаралық пойызы;
- «Орал-Астана», «Орал-Алматы», «Орал-Маңғыстау» облысаралық пойыздары,
- «Орал–Семиглавый Мар» және «Орал–Шынғырлау» ауданаралық пойыздары.
- «Орал- Семиглавый Мар» және «Орал – Шынғырлау» әлеуметтік маңызы бар маршруттарын субсидиялау бағдарламасы іске асырылуда. 2025 жылға 255,0 млн. теңге субсидия игерілді (2024 ж – 236,0 млн .тг), ағымдағы жылдың 11 ай қорытындысы бойынша 63 125 адам тасымалданды.
Әуе маршруттары
2025 жылы Орал қаласының халықаралық әуежайы арқылы 9 бағыт бойынша жолаушылар рейстері жүзеге асырылды, оның ішінде 6 ішкі республикалық (Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақтау, Атырау) және 4 халықаралық (Франкфурт, Шарм-эль-Шейх, Анталья, Фукуок).
Ағымдағы жылы әуежай инфрақұрылымының физикалық және техникалық тозуына байланысты рулеждік жолдарға ағымдағы жөндеу және әуе кемелерінің тұрақ орындарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.