ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЫ БАСТАЛДЫ

АУДАНЫМЫЗДА САНИТАРЛЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАУ АЛДЫ
Жаңақала ауданы әкімінің 29 наурыздағы №44-ө өкіміне сәйкес, 6 сәуір - 4 мамыр аралығы аудан көлемінде санитарлық-экологиялық айлық болып жарияланды.
Осыған орай, 5 сәуір күні түстен кейін және 6 сәуір күні аудан бойынша мекеме және кәсіпорын қызметкерлерімен мекеме ғимараттарының айналасын қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, сенбіліктер ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде де жүргізілген болатын.