Елордадағы «Бақытты отбасы» орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізудің маңыздылығы мен дайындығын талқылады.

«Елорданың, елдің барлық аналары болашақ ұрпақ, Жаңа Қазақстан үшін бірігіп, референдумға қолдау көрсетуі маңызды деп санаймын. Барлығымыз 5 маусымда барып дауыс беруіміз керек», – дейді «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Ырза Тұрсынзада.
Оның ұстанымын барлық аналар, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды жақтайтындар қолдайды. 5 маусымда олар Конституцияға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беруге дайын.
5 маусымға белгіленген референдум жай ғана шара емес, отыз жылға жуық уақыттан бері алғаш рет өткізілетін ауқымды оқиға. Сондықтан осы саяси жүйені, жаңарған Қазақстанды қалыптастыруға әр адамның өзінің атсалысуы маңызды.
«Мен әрдайым референдумға қатысу керектігі туралы айтып келемін, біз бәрін қарапайым түрде түсіндіреміз, бізге сенетін әйелдермен кездесеміз. Біздің миссиямыз – біздің өзіміздің түсінуіміз және бізбен бір адамдарға түсіндіру», – дейді белгілі журналист, Нұр-Сұлтан қаласының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Айгүл Мүкей.
Үйде отырмаңыз, дауыс беріңіз! Белгіленген күні сайлау учаскесінде болыңыз! #CCS