2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Мәстексай ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Мәстексай ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
|
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы |
|
Территориальная избирательная комиссия Жангалинского района Западно- Казахстанской области |
|
ШЕШІМ |
|
РЕШЕНИЕ
|
_____________№___7_____
________28.08.2024 жыл__________
Жаңақала ауылы село Жангала
2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Мәстексай ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Мәстексай ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ етеді:
- 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Мәстексай ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 04 қыркүйек күні сағат 11-00-де Мәстексай ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің көрермен залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
- 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Мәстексай ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітуге ұсынылсын (1-қосымша).
- Осы шешім Мәстексай ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Е.Еслямовке жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Комиссия төрағасы Д.Бактигереев
15
29 тамыз 2024 10:46
29 тамыз 2024