Сайлау комиссиясы мүшесін уақытша тағайындау туралы

2026 жылғы 5 қараша№9

Жаңақала ауылы

 

Сайлау комиссиясы мүшесін 

уақытша тағайындау туралы

 

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағын басшылыққа ала отырып, сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің заңдылығын, бейтараптығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жаңақала аудандық мәслихат депутаттарын сайлауы бойынша кандидат болып тіркелуіне байланысты тікелей бағыныстылық және туыстық қатынасын ескере отырып 2026 жылдың 5 қарашадан бастап сайлау науқаны кезеңіне уақытша міндеттерін тоқтатқан комиссия мүшелерінің орнына төмендегілер комиссия құрамына уақытша тағайындалсын.

№114 учаскелік сайлау комиссиясына А.Мендибаева, Г.Дүйсен, Ж.Мамбетов;

№127 учаскелік сайлау комиссиясына А.Баймуратова, М.Шамгонова;

№128 учаскелік сайлау комиссиясына Г.Кенжегалиева;

№129 учаскелік сайлау комиссиясына А.Кадешева;

№130 учаскелік сайлау комиссиясына З.Нәсіпқалиева;

№131 учаскелік сайлау комиссиясына Э.Губашева;

№132 учаскелік сайлау комиссиясына А.Файзуллина, А.Тлепова;

№133 учаскелік сайлау комиссиясына А.Асилбекова.

2. Осы қаулының көшірмесі тиісті сайлау комиссиясына жіберілсін.

3. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету комиссия төрағасының орынбасары Е.Б.Еслямовқа жүктелсін.

Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағы және өтініштері.

Комиссия төрағасыА.Каресов

Комиссия хатшысыД.Мукашева

Жарияланған күні

10 қараша 2026 19:53

Жаңарту күні

10 қараша 2026