Сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттерін уақытша тоқтату

2026 жылғы 5 қараша№8

Жаңақала ауылы

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің 

міндеттерін уақытша тоқтату

туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағын басшылыққа ала отырып, сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің заңдылығын, бейтараптығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жаңақала аудандық мәслихат депутаттарын сайлауы бойынша кандидат болып тіркелуіне байланысты тікелей бағыныстылық және туыстық қатынасын ескере отырып 2026 жылдың 5 қарашадан бастап сайлау науқаны кезеңіне төмендегі комиссия мүшелерінің міндеттері уақытша тоқтатылсын.

№114 учаскелік сайлау комиссиясынан А.Турарбеков, А.Кабиева, Г.Қабдыр;

№127 учаскелік сайлау комиссиясынан А.Бисекешова;

№128 учаскелік сайлау комиссиясынан А.Баймуратова;

№129 учаскелік сайлау комиссиясынан И.Абуова;

№130 учаскелік сайлау комиссиясынан Д.Мулдашева;

№131 учаскелік сайлау комиссиясынан А.Мухамбетова;

№132 учаскелік сайлау комиссиясынан А.Божанов;

№133 учаскелік сайлау комиссиясынан А.Хангереева.

2. Осы қаулының көшірмесі тиісті сайлау комиссиясына жіберілсін.

3. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету комиссия төрағасының орынбасары Е.Б.Еслямовқа жүктелсін.

Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағы және өтініштері.

Комиссия төрағасыА.Каресов

Комиссия хатшысыД.Мукашева

Жарияланған күні

10 қараша 2026 19:45

Жаңарту күні

10 қараша 2026