Сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін тоқтату туралы
2026 жылғы 5 қараша №7
Жаңақала ауылы
Сайлау комиссиясы мүшесінің
міндеттерін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабының 6 - тармағын басшылыққа ала отырып, сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің заңдылығын, бейтараптығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. №132 Мәстексай учаскелік сайлау комиссиясынан Елеусінова Алмагүл Елеусінқызы өз өтініші негізінде аталған учаскелік сайлау комиссиясы құрамынан шығарылсын.
2. Осы қаулының көшірмесі тиісті сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету комиссия төрағасының орынбасары Е.Б.Еслямовқа жүктелсін.
Негіздеме: А.Елеусінованың өтініші.
Комиссия төрағасы А.Каресов
Комиссия хатшысы Д.Мукашева
15
10 қараша 2026 19:38
10 қараша 2026