Ұйымдастыру-бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық жұмыстар бөлім
1) аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен және жоғары тұрған мемлекеттік органдардан келіп түсетін хаттар бойынша жұмысты ұйымдастыру және хаттардың мерзімінде және сапалы (жауап берілуін) орындалуын қамтамасыз ету
3) аудан әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және архив істері жөніндегі жұмыстарды жетілдіру;
4) аудан әкімі, аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысы жетекшілік ететін комиссияхаттамаларын тіркеу және орындауға жолдауды қамтамасыз ету;
5) аудан әкімі аппараты ғимаратының жай-күйінің, тазалығын қамтамасыз ету.