Кәсіпкерлік және инвестициялар

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ. Тасқала ауданы бойынша БҚО статистика департаментінің деректеріне сәйкес, 2026 жылдың 1 қазан жағдайына жалпы тіркелген шағын орта бизнес субъектілері – 1111 бірлік (с.і. жұмыс жасайтыны-1071) құрайды. Солардың ішінде: 138 бірлік – жауапкершілігі шектеулі серіктестік (131), 475 бірлік – жеке кәсіпкерлер (443), 498 бірлік – шаруа қожалықтары (497) жұмыс істеуде.
Бүгінгі күні аудан бойынша 185 нысандары жұмыс жасауда (азық-түлік дүкендер-79, өнеркәсіптік тауарлар дүкені – 26, дәріхана-3, ветеринариялық дәріхана-3, кафе-22, тауарларды беру пункті (Wildberries)-1, ЖЖМС-7 (АЗС), нотариус -1, шаштараз-20, шағын цехтар-15, қонақ үй-1, техникалық қызмет көрсету станциясы-7).
2026 жылы ауданымызда 1 мейрамхана, 1 дүкен, 1 жол бойындағы кафе ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.
Тасқала ауданы бойынша БҚО статистика департаментінің деректеріне сәйкес 2026 жылы 1 сәуірге шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 1470 адам (соның ішінде: 183 - жауапкершілігі шектеулі серіктестікте –, 600 – жеке кәсіпкерлерде, 687 – шаруа қожалықтарда), 2025 жылы 1614 адам құрап (91 % құрап, немесе 9 %-ға төмен).
2026 жылдың 1 сәуір жағдайына ауданымызда шағын және орта бизнес субъектілері 1944,0 млн.теңге сомасына өнім өндірілсе, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 91,0% құрады (2351,0 млн.теңге).
2026 жылдың 1 қазан жағдайына бөлшек сауда көлемі 4060,6 млн.теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 109,3 % құрады (3715,1 млн.теңгеге).
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар:
2026 жылында барлығы 46 жәрмеңке ұйымдастырылды (18,1 млн.тг) соның ішінде ауылдық көркемөнерпаздарын концертіне өткізілуіне орай – 8, ауылдық округтерінің және Орал қаласынан шақырылған кәсіпкерлерімен - 29, (олардың ішінде 5- көшеттер, 4- құс сату, 20- жемістер мен көкөністер және өзге а/ш өнімдер) және 1 - Астана және 8 - Орал қаласында.
«Іскер аймақ» мемлекеттік бағдарлама аясында, банкпен мақұлданды: 1 ШОБ субъектіне «Феррум контракт» ЖШС (Какимов Д.С) – «Айналым капиталын толықтыру» мақсатында несие берілді.
ИНВЕСТИЦИЯ. Аудан экономикасының дамуының негізгі кепілі – бұл ауданға инвестиция тарту. Аудан бойынша ағымдағы жылы 7 768,7 млн.тг. болса, соның ішінде жеке инвестиция көлемі 7 636,4 млн.теңгені құрады.
Қаржыландыру көздері бойынша ағымдағы жылы республикалық бюджет – 84,0 млн.тг., жергілікті бюджет – 48,3 млн.тг., меншікті қаражат – 6 271,7 млн.тг., басқада қаржы көздері есебінен- 1 364,7 млн.тг. құрылды.
Жыл басынан 17 жеке инвестициялары жүзеге асырылды. Соның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында 12 жоба, білім саласында 1 жоба (с.і. Айнабұлақ с. Мектебінің құрылысы), өндеу өнеркәсіп саласында 1 жоба, көлік саласында 1 жоба (Достық а. вокзалдың реконструкциясы), энергетика саласында 2 жоба (Электр желісінің жаңарту жұмыстары) жүзеге асты.
2026 жылдың соңына дейін аудан бойынша 22 жеке инвестициялары жүзеге асырылуы жоспарланды. Соның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында 16 жоба, су саласында 2 жоба, телекоммуникация және байланыс саласында 4 жоба жүзеге асады.
Жаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 30 қазан 2026Талдамалық мақалаКәсіпкерлік және инвестициялар
- 16 қыркүйек 2021АқпаратИнвестициялар және кәсіпкерлік
- 18 ақпан 2020АқпаратИнвестициялар
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0110 маусым 2021"Даму" қорының кепілдіктері
0101 маусым 2021Шағын несие
