Кәсіпкерлік саласы
Тасқала ауданы бойынша БҚО статистика департаментінің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың 1 мамыр жағдайына жалпы тіркелген ШОБ субъектілері -1197 бірлік (с.і. жұмыс жасайтыны-1150) бірлік құрайды. Солардың ішінде 121 бірлік – ЖШС (111); 557 бірлік - жеке кәсіпкерлер (528); 519 бірлік - шаруа қожалықтары (511), өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға төмен.
Соның ішінде бүгінгі күні аудан бойынша 183 нысандары жұмыс жасауда (азық-түлік дүкендер-78, өнеркәсіптік тауарлар дүкені – 26, дәріхана-3, ветеринариялық дәріхана-3, кафе-21, тауарларды беру пункті (Wildberries)-1, АЗС-7, нотариус -1, шаштараз-20, шағын цехтар-15, қонақ үй-1, техникалық қызмет көрсету станциясы-7).
Тасқала ауданы бойынша БҚО статистика департаментінің деректеріне сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 1705 адам, 2023 жылы 1675 адам құрап 1,8 %-ға жоғары.
2024 жылдың 1 қаңтар жағдайына ауданымызда шағын және орта бизнес субъектілері 12543,0 млн.теңге сомасына өнім өндірілсе, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 4,0 %-ға төмен (12877,0 млн.теңге).
2023 жылы ауданымызда бөлшек сауда көлемі 4666,6 млн.теңгені құрады, бұл 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 651,8 % өскен (716,0 млн.теңгеге).
Сәуір – маусым айлары аралығында, әр аптаның жұма сайын, Тасқала ауылының базарында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері, балық, көкөніс пен жеміс, құс, ет, сүт өнімдерін сатылды. Жылдың басынан бері 10 жәрмеңкелер ұйымдастырылды (6,0млн.тг).
2024 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» (соның ішінде «Тасқала» несие серіктестігі) арқылы 27 ШОБ субъектілеріне 634,4 млн. теңге қөлемінде несиелер берілді, соның ішінде:
«Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі далалық жұмыстарын ұйымдастыруға 465,2 млн. теңге қөлемінде;
«Агробизнес» бағдарламасы арқылы 169,2 млн.теңге көлемінде;
Тасқала ауданы бойынша 2024 жылға жоспарланған 7 инвестициялық жоба:
Ауыл шаруашылығы: 4 инвестициялық жоба іске асырылуда («Жер асты тамшылатып суару» («Taskala-ET BKO ЖШС»), «Тұқым сақтау қоймасы» («Жанибек» ШҚ), «Ұсақ және ірі қара малдарды өсіруге арналған мал шағын бордақылау алаңының құрылысы. Жүн қабылдау және сүт өндіру шағын цехтарды ашуды» («Жаңа ауыл» ШҚ), «Ірі қара малдарды өсіруге арналған сүт-тауарлы ферма және құс фермасының құрылысы» («Тасқала құс фабрикасы» ЖШС) жобалардың құны 269,9 млн. теңгені құрайды. Іске қосылу кезеңінде 9 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Өнеркәсіп: 2 инвестициялық жоба іске асырылуда («Вulak Su» премиум класты су өндірісі», «Темір-бетон бұйымдары» (лего кірпіштерін, брусчатка, жиектастарды) өндіру» («MIDSU» ЖШС) жоба құны 200,0 млн теңге, жаңадан ашылатын жұмыс орны 12- адам.
Өндеу өнеркәсіп: 1 инвестициялық жоба іске асырылуда («Утегалиева.С.С» ЖК (Утегалиева С.С.) «Балаларға арналған кафетерий ашу»). Жобаның құны 5,8 млн теңге, жаңадан ашылатын жұмыс орны 2- адам.