Меню

Страницы

Статья

Инвестициялар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тиімді шағын және орта бизнес – қалалармен ауылдарды дамытудың берік негізі» жолдауын іске асыру аясында, сондай-ақ аймақтардағы шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту, жаңа жобаларға инвестиция тарту үшін 4 инвестициялық жобаның аяқталуы жоспарланып отыр. Атап айтқанда:

- Тасқала ауданында «Феррум контракт» компаниясының табиғи түрдегі өндіріс қуаты - сағатына 2 мың бөтелке су шығаруға қауқарлы «Су құю цехы» құрылысы жүзеге асырылуда. Нысанның құрылысы 2018 жылы басталды. Пайдалануға енгізу мерзімі - 2020 жылдың мамыр айында күтілуде. Құрылыс кезеңінде 5 жұмыс орны ашылса, пайдалану кезеңінде 12 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. 2020 жылы ағынды желіні жеткізуге, орнатуға және құрылысты аяқтауға 30 млн.теңге салынады.

- Тасқала ауданының Бірлік ауылында 2019 жылдың 1 маусым күні 5120 бас ірі қараға малға арналған «Taskala-ET BKO» бордақылау алаңының құрылысы басталып казіргі таңда іске қосылды. Құрылыс барысында 28 жұмыс орны құрылды. Аталған жоба ауданның экономикалық – әлеуметтік жағдайын көтереді деп күтілуде. Ірі қара малының ет өнімін БҚО, Атырау, Ақтөбе облыстарының сауда кәсіпорындарының желісі арқылы өткізу жоспарланып отыр. Бордақылау алаңы толық қуатқа шыққан кезде қосымша жұмыс орындарын ашу күтілуде. 2019 жылдың 1 желтоқсанына 1 млрд. 152 млн. теңге көлемінде инвестициялар салынды. 2020 жылдың соңына 2 бірлік "Фрегат" жаңбырлатқыш қондырғысын (құны 120 миллион теңге), астық жинайтын комбайнды (48 миллион теңге), 800 асыл тұқымды бұқашықтарды (280 миллион теңге), бордақылау алаңына 3000 бас бұқашықтарды (540 миллион теңге), егіс кешенін (85 млн.теңге) сатып алуға 1 мрд. 073 млн. теңге сомасына инвестициялар салынуы күтілуде.

- «Тасқала Сервис» ЖШС Тасқала ауылының «Тасқала-Орал»  тас жолының бойына жол бойындағы сервис (кемпинг) құрылысын салуда. Құрылыстың аяқталуы мақсатында 38,0 млн. көлемінде қосымша инвестициялар салынады. Жобаның іске қосылуы 2020 жылдың желтоқсан айында күтілуде.

- Автоколікке  жанармай құю станциясы мен кешенінің құрылысы («Архар-Бизнес» ЖШС). Жобаның құны 420 млн. теңгені құрайды. 2019 жылдың соңына 60,0 млн.теңгеге  топырақпен құрылыс алаңын жайластыру жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы құрылыс-монтаж  жұмыстарының аяқтауына 360 млн. теңге көлемінде инвестициялар тартылуы жоспарлануда. Іске қосылу кезеңінде 20 жұмыс орны құрылады.

Сонымен қатар «Жантемір» және «Арғамақ» шаруа қожалықтары жалпы соммасы 224 млн. теңгеге егіс кешенін, егін орғыш комбайн және  аспалы жабдықтары бар дөңгелекті трактор сатып алуды жоспарлап отыр.

Болашақта жалпы сомасы 450,5 млн.теңгеге 8 инвестициялық жобалардың  - жол бойындағы автокөлік кешенінің құрылысы, құс өсіру бағытындағы ферма, кемпинг, жеке балабақша, жеміс-жидектер мен қылқан жапырақты өсіруге арналған питомник және жемістер мен бау-бақша дақылдарын өңдеу, шырындар мен тамақ өнімдерін өндіру бағытындағы жобалардың іске қосылуы жоспарлануда. Жоспарланған жобалардың іске қосылуы кезеңінде 90 жаңа жұмыс орындарының ашылуы күтілуде.

Дата публикации
18 февраля 2020
Дата обновления
18 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
18 февраля 2026
Референдум -2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы