Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тасқала ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Тасқала ауданы 1933 жылы құрылған. Ауданның жер көлемі 806 805 гектарды құрайды, бұл Батыс Қазақстан облысы жалпы аумағының 5,4%-ын құрайды.

2026 жылғы 1 шілдесіне халық саны 15 506 адамды құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халық саны 187 адамға немесе 1,2%-ға азайды.

Аудан құрамына 9 ауылдық округ және 28 ауылдық елді мекен кіреді.

Ауданның ауылдық елді мекендері мынадай санаттарға бөлінеді:

  • тірек ауылдық елді мекендер – 3 (Тасқала, Амангелді, Мерей);
  • спутниктік ауылдық елді мекендер – 6 (Бірлік, Ақтау, Шежін-1, Атамекен, Айнабұлақ, Тоғайлы);
  • стратегиялық ауылдық елді мекендер – 4 (Достық, Ынтымақ, Мереке, Шежін-2);
  • басқа ауылдық елді мекендер – Оян, Жігер, Ақкүтір, Қызылбас, Қараой, Бастау, Кеңжайлау, Қалмақшабын, Алмалы, Қисықсай, Қалмақ, Аққайнар, Талдыбұлақ, Еменжар, Өркен.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі

Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 108,5 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3%-ды құрайды (2025 ж. – 75,9 млн теңге).

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі өңдеу өнеркәсібі мен сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және жою салалары есебінен қалыптасты.

Ағымдағы жылдың бес айында:

  • сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және жою көлемі 73,7 млн теңгені құрады (2025 ж. – 34,7 млн теңге);
  • өңдеу өнеркәсібінің көлемі 34,7 млн теңгені құрады (2025 ж. – 33,2 млн теңге).

Өңдеу өнеркәсібінің құрылымы тоғыз бағыттан тұрады:

  1. азық-түлік өнімдерін өндіру – 2,7 млн теңге (2025 ж. – 2,7 млн теңге);
  2. сусындар өндіру – 16,9 млн теңге (2025 ж. – 17,8 млн теңге);
  3. киім өндірісі – 0,9 млн теңге (2025 ж. – 0,9 млн теңге);
  4. былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі – 0,4 млн теңге (2025 ж. – 0,4 млн теңге);
  5. пластмасса бұйымдарын өндіру – 1,7 млн теңге (2025 ж. – 1,7 млн теңге);
  6. кірпіш өндіру – 0,4 млн теңге (2025 ж. – 0,4 млн теңге);
  7. металл бұйымдарын өндіру – 4,1 млн теңге (2025 ж. – 4,1 млн теңге);
  8. машина жасау – 4,0 млн теңге (2025 ж. – 1,6 млн теңге);
  9. жиһаз өндірісі – 3,6 млн теңге (2025 ж. – 3,6 млн теңге).

Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 90,9%-ды құрады.

Есепті кезеңде өнім бағасының өсуі есебінен ақшалай көлемнің артуы қамтамасыз етілді. Алайда нақты өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейіне жетпегендіктен, көрсеткіштің орындалу деңгейі төмендеді. Сонымен қатар сусын өндіретін шағын кәсіпорында жабдықтарды ауыстыруға байланысты өндірістің уақытша тоқтатылуы да көрсеткіштің төмендеуіне әсер етті.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 млрд 364 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%-ды құрайды (2025 жыл – 2 млрд 761,8 млн теңге).

Мал басы:

  • ірі қара мал – 61 443 бас (2025 ж. – 56 011);
  • ұсақ мал – 146 941 бас (2025 ж. – 143 573);
  • жылқы – 20 048 бас (2025 ж. – 19 064);
  • шошқа – 56 бас (2025 ж. – 131);
  • түйе – 1 бас (2025 ж. – 1);
  • құс – 21 111 бас (2025 ж. – 21 262), өткен жылмен салыстырғанда 151 басқа немесе 0,7%-ға азайды.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі:

  • ет – 1 529,0 тонна (2025 ж. – 1 507,3 тонна);
  • сүт – 3 020,4 тонна (2025 ж. – 2 993,2 тонна);
  • жұмыртқа – 826,0 мың дана (2025 ж. – 808,8 мың дана).

2025 және 2026 жылдары есепті кезеңде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі жиналмағандықтан, өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі қалыптасқан жоқ.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

Ағымдағы жылдың бес айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3 300 млн теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 есеге жоғары.

Инвестициялар келесі бағыттар бойынша қалыптасты:

  • ғимараттар, құрылыстар және жеке тұрғын үйлер салу – 2 831 млн теңге;
  • машиналар мен жабдықтарды сатып алу – 469 млн теңге.

Қаржыландыру көздері:

  • жергілікті бюджет қаражаты – 37 млн теңге;
  • меншікті қаражат – 3 054 млн теңге;
  • қарыз қаражаты – 209 млн теңге.

Меншік нысаны бойынша:

  • жеке инвестициялар – 3 263,4 млн теңге;
  • бюджеттік инвестициялар – 36,7 млн теңге.

Құрылыс жұмыстарының көлемі

Құрылыс жұмыстарының көлемі 284,7 млн теңгені құрады (2025 ж. – 749,1 млн теңге).

Есепті кезеңде 3 140,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1 364,0 шаршы метрге артық (2025 ж. – 1 776 шаршы метр).

Ағымдағы жылы 42 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді (2025 жылы – 15 пәтер).

Кәсіпкерлік

Ауданда 1 127 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 37 субъектіге аз (2025 ж. – 1 164).

Олардың ішінде 1 101 субъект жұмыс істеп тұр, бұл тіркелген субъектілердің 97,6%-ын құрайды (2025 ж. – 1 103 субъект).

Бөлшек сауда

Бөлшек сауда көлемі 1 482,1 млн теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,6 млн теңгеге артық.

Документы
Бюджет
10 апреля 2026
01.04.2026 ж аудандық бюджеттің атқарылуы
Бюджет
11 февраля 2026
"Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Тасқала ауданының қаржы және экономика бөлімі" ММ-нің 2025 жылға арналған азаматтық бюджеті 01.01.2026 жылғы жағдай бойынша
Бюджет
11 февраля 2026
"Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ауылдық округ бюджеттері
Новости
Полезные материалы
Хабарландыру
Тасқала ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Тасқала ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Медиагалерея
1
"Даму" қорының кепілдіктері
События
Реализуемые проекты
Жасыл кластер
Перейти
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы