Тасқала ауданы 1933 жылы құрылған. Ауданның жер көлемі 806 805 гектарды құрайды, бұл Батыс Қазақстан облысы жалпы аумағының 5,4%-ын құрайды.
2026 жылғы 1 шілдесіне халық саны 15 506 адамды құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халық саны 187 адамға немесе 1,2%-ға азайды.
Аудан құрамына 9 ауылдық округ және 28 ауылдық елді мекен кіреді.
Ауданның ауылдық елді мекендері мынадай санаттарға бөлінеді:
Өнеркәсіп өнімінің көлемі
Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 108,5 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3%-ды құрайды (2025 ж. – 75,9 млн теңге).
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі өңдеу өнеркәсібі мен сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және жою салалары есебінен қалыптасты.
Ағымдағы жылдың бес айында:
Өңдеу өнеркәсібінің құрылымы тоғыз бағыттан тұрады:
Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 90,9%-ды құрады.
Есепті кезеңде өнім бағасының өсуі есебінен ақшалай көлемнің артуы қамтамасыз етілді. Алайда нақты өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейіне жетпегендіктен, көрсеткіштің орындалу деңгейі төмендеді. Сонымен қатар сусын өндіретін шағын кәсіпорында жабдықтарды ауыстыруға байланысты өндірістің уақытша тоқтатылуы да көрсеткіштің төмендеуіне әсер етті.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 млрд 364 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%-ды құрайды (2025 жыл – 2 млрд 761,8 млн теңге).
Мал басы:
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі:
2025 және 2026 жылдары есепті кезеңде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі жиналмағандықтан, өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі қалыптасқан жоқ.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар
Ағымдағы жылдың бес айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3 300 млн теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 есеге жоғары.
Инвестициялар келесі бағыттар бойынша қалыптасты:
Қаржыландыру көздері:
Меншік нысаны бойынша:
Құрылыс жұмыстарының көлемі
Құрылыс жұмыстарының көлемі 284,7 млн теңгені құрады (2025 ж. – 749,1 млн теңге).
Есепті кезеңде 3 140,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1 364,0 шаршы метрге артық (2025 ж. – 1 776 шаршы метр).
Ағымдағы жылы 42 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді (2025 жылы – 15 пәтер).
Кәсіпкерлік
Ауданда 1 127 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 37 субъектіге аз (2025 ж. – 1 164).
Олардың ішінде 1 101 субъект жұмыс істеп тұр, бұл тіркелген субъектілердің 97,6%-ын құрайды (2025 ж. – 1 103 субъект).
Бөлшек сауда
Бөлшек сауда көлемі 1 482,1 млн теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,6 млн теңгеге артық.