Меню

Страницы

Статья

Тасқала ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Тасқала ауданы

Тасқала аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,1 мың шаршы шақырым. 2020 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша халық саны 16 569 адамды құрады. Ауданда 9 ауылдық округ, 28 ауылдық елді мекен бар.

Тасқала ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері 

Көрсеткіштер

2019 жыл қаңтар-сәуір

2020 жыл қаңтар-сәуір

%

Өнеркәсіп өнімінің көлемі,  млн. теңге

103,1

         129,8

105,9

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

854,2

944,8

100,4

Негізгі капиталға инвестиция көлемі, млн. теңге

118,8

48,2

40,6

Орташа жалақы, теңге

80 274

103 327

128,7

 Өнеркәсіптік өндіріс көлемі

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 129,8 млн. теңгені құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылғы деңгейден  5,9% жоғары. 

Ауыл шаруашылығы

2020 жылдың 1 сәуіріне ІҚМ басы 31 264 басты құрады (2019 жылы- 30 088), ҰҚМ басы 76 565 басты құрады (2019 жылы- 72 517), жылқы саны 11 022 басты (2019 жылы -8 763), доңыз саны 157 басты (2019 жылы - 151), түйе саны 1 басты (2019 жылы -1), құстар саны 31 431 (2019 жылы – 30 380) құрады.

Ет өндірісі 0,8 % өсіп, 759,1 тоннаны құрады (2019 жылы – 753,4 тонна), сүт өндірісі – 1972,1 тоннаны (2019 жылы -1970,7 тонна), тұқым өндірісі-294,5 мың дананы құрады (2019 жылы -293,9 дана).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 48,2 млн.теңгені құрады. 2020 жылы 59,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 024  шаршы метрге аз (2019 -1 083,0 шаршы метр).

Кәсіпкерлік

2020 жылдың 1 сәуір жағдай бойынша ауданда 1103 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, бұл 2019 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 13,4% - ға көп. Оның ішінде 1018(2019 жылы 884) немесе тіркелгендердің 92,3% жұмыс істейді.

Бөлшек сауда көлемі

 Бөлшек сауда көлемі 2020 жылдың 1 сәуіріне 678,2 млн.теңгені құрады, 2019 жылы 779,0 млн.теңгені құрады. Өткен кезеңмен 17,3 пайызға азайды.

 Құрылыс көлемі

 29,3 млн.теңгені құрады, 2019 жылғы кезеңмен салыстырғанда 66,6% азайды. (2019 жылы-85,2 млн.теңге). Құрылыс көлемінің азаюы 2019 жылы екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне және екі  үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің салынуына байланысты. Аққурай- Болашақ тас жолдарына қайта құру жұмыстары. 

         Еңбек нарығы

Экономиканың барлық салаларында 93 жаңа жұмыс орны ашылды. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 жұмыс орнына артты. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыссыздар саны 299 адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2 387 адамды құрады. Кедейлік шегінен тыс өмір сүретіндердің саны 475 адам 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 345 адамға көп, бұл АӘК жаңа форматын енгізуге байланысты.

Барлық қаржыландыру көздерінен 20.4 млн.теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 475 адамға 10.8 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 49 адам жіберілді, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш  84 адамға каз. 

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі 1 аудандық ауруханадан тұрады, оның құрамына  - 2 дәрігерлік амбулатория, 5 ФАП, 12 медициналық пункт кіреді.

Халықтың аурушаңдығы 2019 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ үш есеге артты. Туберкулез ауруымен ауыратындар саны 2019 жылмен салыстырғанда 1 жағдайға көбейді. Сифилис, педикулез, қышымамен, гепатитпен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ.

Білім беру

Білім беру желісінде 28 мекеме мен кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 1 мектеп лицей және 17 орта мектеп бар. Мектеп жанында 7 балабақша, 10 шағын орталық жұмыс істейді. Балалар контингенті – 3 074 адам.

Ауданда 5 балабақша бар, соның  ішінде 1-уі жеке балабақша. Балалар контингенті - 413 адам. Қосымша білім беру ұйымдарының саны 3 бірлік, 656 оқушылардың санымен.

Сондай-ақ, колледжде 106 оқушы бар оқу бөлмесі бар.

Мәдениет

Ауданда 23 кітапхана, 12 мәдени-демалыс ұйымдары, 1 кинотеатр, 7 киноқондырғы, 1 автоклуб бар.

Қылмыс

      2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 29 қылмыс тіркелді, бұл 2019 жылды  тиісті кезеңімен салыстырғанда 61,1% - ға төмен.

Дата публикации
23 мая 2020
Дата обновления
23 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
18 февраля 2026
Референдум -2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы