
Ауылшаруашылығы
Ауданымызда 324 шаруа қожалығы агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында қызмет атқаруда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандағы мүйізді ірі қара – 60 806 бас, қой мен ешкі 95 548 бас, жылқы – 17 927 бас, түйе – 25 бас, құс саны 4 236 басты құрады.
Бүгінгі таңда аудан бойынша 73 шаруашылық асыл тұқымды 13 351 бас МІҚ малын, 3 шаруашылық 124 бас асыл тұқымды жылқы, 13 шаруашылық 2 643 бас асыл тұқымды қой малын өсірумен айналысады.
Аудан шаруашылықтары мал шаруашылығымен бірге егіс шаруашылығын да қолға алуда. 2025 жылы ауданымыз бойынша барлығы 970 га жерге арпа, тары, бір жылдық екпе шөптер егілді.
2024 жылы бау-бақша, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қаражатын алған 23 жобаның ішінде 3 адам 38 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды МІҚ, 3 адам 30 бас сүтті бағыттағы тауралы МІҚ (Темірғалиева. Ж-11 бас, СПК "Қаратөбе 2025" Рысбаев А-14 бас, Шұғайпов Б-12 бас, Күмісқалиев А-12 бас, Айташев Н-13 бас, Аймағанбетова А-6 бас) 4 - адам 406 бас биязы жүнді ақ қой (миренос) қойын сатып алды. (Қоскөл а/о -Мухамбедьяров Б-130 бас қой , Егіндікөл а/о-СПК "ZHUBANYSH AMIRE" Әмреев Б-71 бас, Егіндікөл а/о-СПК " "IMANBAI07" Сериккалиев Нурболат Жумакунович-105 бас, Қаратөбе а/о-Есенәліқызы Ә-100 бас).
Жусандой ауылдық округінен СПК "Ибрахим-2022" Рахымғалиев Асылмұрат 29,5 млн. теңгесіне КАМАЗ автокөлігін сатып алды.
Қаражатын алған қалған 20 адам бақша өсіру, асханаға құрал жабдықтар алу, құс өсіру, шаштараз, арнайы техника, кілем жуу, автосервис ашу бағытында несиелерін алды.
Сонымен қатар аудан бойынша 12,6 гектар жерге мекеме қызметкерлері арқылы ұжымдық бау-бақша өсіріліп, одан 124,3 тонна өнім алынды.
2025-2026 жылдың мал қыстағына 132,9 мың тонна табиғи мал азығын дайындау жоспарланып, 133,9 мың тонна мал азығы дайындалды.
Есептік мерзімде машина-тракторлық парктерді жаңарту мақсатында 55 трактор және 86 мал азығын дайындау техникасы сатып алынды.