Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

Бөрлі ауданы – 1935 жылы құрылған және облысымыздың шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы 5,6 мың шаршы шақырымды құрайды. Ресей Федерациясының Орынбор облысымен және облыстың үш ауданымен шектеседі: Шыңғырлау, Сырым, Теректі. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 1 аудандық маңызы бар қала, 13 ауылдық округ және 27 ауылдық елді мекен болып табылады. Аудан орталығы - Ақсай қаласы.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй қоры 11 971, соның ішінде коммуналдық үйлердің саны - 3, тозығы жеткен үйлер саны - 32, апатты деп саналған – 1 үй бар.
Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде - 2 325 азамат тұр. Аудан тұрғындарын үймен қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында 3 тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Ауданда электр беру желілерінің ұзындығы 1331 шақырымды құрайды.
Электр желілерінің тозуын 69 % дейін төмендету жоспарда бар. Бұл сала бойынша ауылдық округтер мен Ақсай қаласында тозығы жеткен желілерді ауыстыруға жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат қарастырып, басымдылығына қарай жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар ауданның 27 елді мекенінің 25-і газбен қамтылған (90,1 %), аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы үлесі 9,4% немесе 15 шақырымды құрайды (аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 159 шақырым).
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 03 қараша 2025АқпаратТұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
- 08 қаңтар 2025АқпаратЭлектр желілерінің күзет аймағы
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0130 маусым 2022Тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясы тарифтерін саралауды кезең-кезеңімен жою бойынша пилоттық жоба
1127 мамыр 2020АҚСАЙДА АУЛАЛАР АБАТТАНДЫРЫЛУДА
1126 мамыр 2020ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАТАҚХАНА САЛЫНУДА
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 69 бабына сай тұрғын үйге мұқтаж деп танылған жағдайда осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғын үй кезегіне тұра алады.
Ол үшін құжаттарды тіркей отырып Egov.kz порталы арқылы өтініш бере алады, қазіргі уақытта қызмет алушының деректері біріктірілген дерекқорда бар, заңға сай тұрғын үй кезегіне тұру үшін құжаттар автоматты түрде тексеріледі, тұрғын үй кезегіне алынғаны немесе алынбағаны туралы хабарлама 1414 біріңғай нөмірі арқылы келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандарты бойынша қызмет көрсету мерзімі - 30 күнтізбелік күн.


