Меню

Страницы

Статья

Электр желілерінің күзет аймағы

Электр желілерінің күзет аймағы

Қазір 2025 жыл, өмір салтымыз 90% электр энергиясына тәуелді.

 Кір жуғыш машина, шаңсорғыш, ас үй техникалары, зарядтайтын құрылғылар, тіпті электромобильдерде электр қуатының арқасында жұмыс істейді.

Бірақ,  тұтынушылардың үйіне  электр энергиясы қандай жолмен жеткізілетіндігі туралы ойлайтындар аз.

Сондай-ақ, электр энергиясы жоғары қауіптің көзі болып табылатынын атап өкеніміз жөн.

Электр станцияларынан тұтынушыларға дейін электр энергиясын  беру, электр желілері  арқылы жүзеге асырылады.

Электр энергиясы электр әуе желілері арқылы таратылады.

Әуе желілерінің ағымдағы техникалық жай-күйіне жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі, өнеркәсіпті сапалы және сенімді электрмен жабдықтау, сондай-ақ үйлердегі жайлылық пен жылу байланысты болады.

Электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, олардың зақымдануын, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, пайдаланудың  қалыпты жағдайларын жасау үшін, халық арасында электр желілерінің күзет аймақтары деп аталатын учаскелер бөлінеді.

Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен белгіленеді

№

Кернеу класы (кВ)

Күзет аймағы

1

Кернеуі 1 кВ дейінгі жалаң сымды әуе желілері үшін

       2 метрден

2

Кернеуі 1 кВ дейінгі өздігінен жүретін оқшауланған сымдар үшін

 1 метрден

3

1 – 20 кВ электр берілістерінің әуелік желілері үшін

кемінде 10 м

4

35 кВ электр берілістерінің әуелік желілері үшін

кемінде 15 м

5

110 кВ электр берілістерінің әуелік желілері үшін

кемінде 20 м

6

220 кВ электр берілістерінің әуелік желілері үшін

кемінде 25 м

7

330 – 500 кВ электр берілістерінің әуелік желілері үшін

кемінде 30 м

8

1150 кВ электр берілістерінің әуелік желілері үшін

кемінде 55 м

 

Электр желілерінің күзет аймағында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-тусіру жұмыстарын, ұңғымалар мен шұңқырларды орнатуға байланысты іздеу жұмыстарын жүргізуге, алаңдарды, автомобиль көлігінің тұрақтарын орналастыру, базарлар, құрылыстар, ғимараттар орналастыру, материалдарды сақтауға, қоршаулар мен дуалдарды салуға, күйдіргіш каррозиялық заттар мен жанар-жағармай материалдарын ағызу мен төгуге жол берілмейді.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған әрекеттерге осы желілер қарамағына кіретін жауапты ұйымның келісімі болған кезде рұқсат етіледі.

       «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-і, біздің облыс азаматтарын, қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады және Қазақстан Респупбликасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жауап беретінін еске салады.

 

 

 

 

 

       «Қазақстан Республикасы Энергетика

министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау

мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы

бойынша аумақтық департаменті» ММ-ның бас

маманы А. Гусманова

Дата публикации
08 января 2025
Дата обновления
08 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы