Бөрлі ауданы – 1935 жылы құрылған және облысымыздың шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы 5,6 мың шаршы шақырымды құрайды. Ресей Федерациясының Орынбор облысымен және облыстың үш ауданымен шектеседі: Шыңғырлау, Сырым, Теректі. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 1 аудандық маңызы бар қала, 13 ауылдық округ және 27 ауылдық елді мекен болып табылады. Аудан орталығы - Ақсай қаласы.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй қоры 11 971, соның ішінде коммуналдық үйлердің саны - 3, тозығы жеткен үйлер саны - 32, апатты деп саналған – 1 үй бар.
Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде - 2 325 азамат тұр. Аудан тұрғындарын үймен қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында 3 тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Ауданда электр беру желілерінің ұзындығы 1331 шақырымды құрайды.
Электр желілерінің тозуын 69 % дейін төмендету жоспарда бар. Бұл сала бойынша ауылдық округтер мен Ақсай қаласында тозығы жеткен желілерді ауыстыруға жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат қарастырып, басымдылығына қарай жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар ауданның 27 елді мекенінің 25-і газбен қамтылған (90,1 %), аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы үлесі 9,4% немесе 15 шақырымды құрайды (аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 159 шақырым).