Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары! 2023 жылдың 5 қарашасында аудан әкімінің сайлауы өтеді. Барлық тұрғындарды сайлау учаскелеріне шақырамыз. Өз учаскелеріңізді анықтау үшін 109 қысқа нөмеріне хабарласып немесе телеграмм-бот @sailau2023bot арқылы нақтылай аласыз. Сіздің дауысыңыз маңызды!