Жалпы ақпарат

Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы
Бөкей ордасы ауданының әкімі
Әкімдік туралы
Бөкей ордасы ауданы 1972 жылы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында құрылған. Жер көлемі - 1 921 445 га. 2026 жылғы 1 қаңтарға тұрғындар саны 15 194 адамды құрады. Әкімшілік орталығы - Сайқын ауылы. Ауданның құрамына 7 ауылдық округ кіреді: Сайқын, Орда, Мұратсай, Бисен, Темір Масин, Ұялы және Саралжын.
Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.